Бөдене жұмыртқасының пайдасы

0
71

Биологиялық құндылығы жөні­нен бө­дене жұмыртқалары тауық­тың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмырт­қасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.
Сондай-ақ олардың құрамын­дағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­деқайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі тамақтанған адамның әртүрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесі мен асқорыту мү­шелерінің жұ­мы­сы жақсарады. Сон­дай-ақ бө­де­­не еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шыға­­­рады екен. Ал жұ­мыртқа құ­ра­­мындағы лейцитин қан­да­ғы хо­лесте­ринді тө­мен­де­те­тін көріне­ді.
Егер тәу­лігі­не бөдененің 4-5 жұмырт­қасын тұ­рақ­ты тұтын­са, ер адамның жы­ныс­тық қуаты ар­­­та­­­­ды.
Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жеу өте пай­далы. Жапония мен Қытайда бір­неше ғасырдан бері оның еті мен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі екен. Бұл балаларды­ бөртпе мен диа­тезден құт­қарады. Сондай-ақ баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады.
Жалпы, бөдене жұ­мырт­қасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көте­ріліп және түсіп кетуін реттеуге, сал­қын тигенде, тұ­мауға, асқазан, ішек ауру­ла­­­рына, әсіресе ас­қазан жарасы мен гастрит­ке таптырмас ем. Тіпті жапондықтар бө­де­не жұ­мырт­қасын тұрақты тұтынған науқастың қатер­лі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрі­не­ді.
Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалар мен ақсүйектердің жеңсік асы болған және дастарқанынан үзілмеген. Баланың иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор.
Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі.
Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады.
Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, созылмалы холецецист, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында – фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар.
Бөдене –  қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың еті мен жұмыртқасында осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай.

http://sharua.kz

Жауап қалдыру