Аскөктің пайдалы қасиеттері

0
93

Аскөктің пайдалы құ­ра­мы дизентерия, диа­рея, жұқпалы ауру­лар кезінде, ұйқы бұ­зыл­ғанда жақсы кө­мек­теседі. Ол қан қы­сымын төмендетіп, жүй­ке жүйе­сін тыныш­тан­ды­руға қабі­летті. Бү­гін сіздерге үй жағ­да­йында аскөктен дәрі жасауға арналған рецептер ұсы­намыз. Бұ­ларды кез келген адам көп шығынданбай-ақ жа­сау­ға болады.
1) Көздің өткірлігі тө­мендеп, көз тез шаршайтын болса, сізге аскөктің тұқымы көмектеседі. Ол үшін аскөктің тұқы­мынан компресс жасау қажет. Аскөктің тұқымын дәкеге салып, біраз уақыт жылы жерге қою керек, содан соң, оны көзге 20 минут қоямыз. 20 минуттан соң көзіңізде айтарлықтай же­ңіл­дік сезінесіздер. Бұл әдіс сондай-ақ, көз айна­ласындағы әжім­дерді тегістейді. Ісіну және қабақтың қыза­руын азайтады.
2) Аскөкті кептіріп, жағып, күлін жазылмай жүрген жараға сепсе, ол тез жазылады. Ұрық дәнін ұнтақтап ауызға салып сорып жүрсе, ыстықты қолма-қол тыя­ды.
3) Оның ұрық дә­німен қоса кептірген саба­ғының ұнтағынан 2 ас қасық салып, жарты литр суға қайнатып ішсе, ішті жүргізіп, асқазанды, ішекті тазалайды.
4) Қарапайым тұн­ба. 1 ас қасық кептіріл­ген аскөкті 0,5 литр суға салып, 1 сағат тұнды­рамыз. Дәрі дайын. Бұл тұнбаны жарты ста­кан­нан күніне 3 рет ішу қажет. Бұл тұнба асқазан, ішек, аурула­рын­да пайдалы. Диарея, іштің қатуы (запор) сын­ды ауруларды да емдейді.
Жас аналарға аскөкті көп тұтыну өте пайдалы және психологиялық аурулар кезінде де таптырмайтын құрал.

Жауап қалдыру