Ашқарынға жеуге болмайды

0
245

Асты да абайлап жеген абзал. Ал ашқарынға төмен­дегідей тағам­дар жемеу керектігін біле жүр­гейсіз:
Кофе. «Ертемен тұрып ко­фе ішемін» дейтіндерді жиі ес­ти­міз. Десе де, кофе асқа­зан­ды қоз­дырып, сөлді көптеп шы­ға­рады екен. Ал оның әсерінен гаст­рит ауруына тап болуыңыз мүм­кін.
Банан. Бананның құра­мын­да маг­ний элементі көп. Ол жүрек-тамыр жүйесін ретте­генімен аш­қарынға банан жесеңіз, кальций-магний бай­ланысын бұзуы мүм­кін.
Суық сусын. Аш асқа­­зан­дағы тамақ қортылуы үшін суық сусын­дар­дан гөрі жылы су ішіңіз.
Піспеген көкөністер. Көкө­ністер­дің құрамында болатын табиғи қыш­қылдар ішек шыры­шының қабы­нуы­ның бірден-бір себебі. Бұл асқа­зандағы ойық жа­ралар мен гаст­ритке алып ке­леді.
Йогурт. Таңертең асқазан­ға йо­гурт­­­тың құрамындағы бак­терия­лар қа­­жеті шамалы. Одан да оны таңғы астан кейін немесе кешке жеген пайдалы бола керек.
Тәттілер. Ашқарынға тәтті жеу­ге болмайды. Ол қан құра­мын­­дағы қанттың өсуіне әкелуі мүм­кін.
Цитрус. Ашқарынға цитрус же­місін жеу аллергия, гастрит қоз­ды­руы мүмкін.

anabol.kz

Жауап қалдыру