Қаржы жұмсаудың алты алтын ережесі

0
116

Мектеп қабырғасында да, жоғары оқу орнында да бізді ешкім қаржыны дұрыс жұмсауға үйретпейді. Қаржы өмірдегі басты мақсат емес, дей тұра жақсы өмір сүрудің ең қажетті құралы екені анық. Сондықтан қаржылық тәуелділікке түсіп қалмас үшін біз Сіздерге ақшаны дұрыс пайдаланудың алты алтын ережесін ұсынамыз.

Шығыныңыз табысыңыздан аз болсын
Қаржыны дұрыс пайда­ланудың бірден-бір ережесі бар болса, ол – Сіз жұмсайтын ақша мөлшері табатын ақша­ңыздан асып түспеуі керек. Осы бірінші алтын ережені өзіңіз­ге міндет көріңіз. Бұл жерде шығындарға несие бойынша төлемдер, комму­налдық төлемдер, азық-түлік пен балабақша төлемдері, және т.б. кіреді. Осы басты ере­­жені сақтамасаңыз, басқа ке­ңес­тердің сізге көмегі тиетіні екіталай.

Әрбір тапқан ақшаның бір бөлігін жинап отырыңыз
Әдетте, әрбір табыстың небары 10%-15%-ын депо­зит­ке салып тұрсаңыз, жылдың соңында қомақты ақша жиналып қалады. Бұл бірінші ережеге сәйкес келеді. Себебі белгілі бір уақыт аралығында Сізде тұрақты резерв қалып­тасады.

Қаржыларыңызды бір қалыпқа келтіріңіз
Несие мен несие карточ­калары неғұрлым көп болса, ақшаның қайда кетіп жат­қанын қадағалау да соғұрлым қиындай түседі. Сон­дықтан, бар­лық кар­точкалар, не­сие­лер, депо­зиттер мен есеп­шоттары­ңызды тағы бір рет тексеріп, артықтарын бірік­тіруге, не болмаса жауып тастауға тырысыңыз.

Болашақтағы табысқа сенбеңіз
Қаржы қадағалаудың ең қу жауы – өзіңіз. Әсіресе «болашақ» және сол «болашақтағы табыс». Сіз қолыңызға нақты түсуі белгісіз қаржыны есепке алып, жоспар құрудан сақтаныңыз. Себебі, сіз күткен табыс пен нәтиже мүлде орындалмауы мүмкін.

Жеке бюджетіңізді қадағалаңыз
Оған арналған бағдар­ла­малар қазір өте көп. Оларды ұялы телефонға не болмаса жеке компьютеріңізге жүктеп ал­саңыз да болады. Не болмаса, қарапайым Excel бағдарламасын қолданса болады. Екі баған жеткілікті: бірі – кірістеріңіз, екіншісі – шығыстарыңыз. Ең бастысы, уақытылы толтырып тұр­саңыз болды. Айдың соңында ақшаның қандай мөлшері керек нәрсеге, қанша ақша керек емес нәрсеге кеткенін көретін боласыз.

Коммуналдық төлемдерді мұқият тексеріңіз
Көп жағдайда біз түбір­тектегі 500 теңгеден аспайтын сан­дарды байқамаймыз. Әдет­те олардың арасына сіз мүлдем пайдаланбайтын радио, қоқыс шығару, баяғыда істен шығып кеткен байқау камерасының төлемі сияқты төлемдер қо­сылуы ықтимал. Санап кел­генде жылдың соңында артық төлеген ақшаның мөл­шері Сізді таң қалдыруы мүмкін.

comode.kz

Жауап қалдыру