Анардың үш пайдасы

0
26

Анар жемісі шырыны қан­дай дәруменге бай екені бар­лығымызға да таныс. Өйткені, бұл жеміс туралы аз жазылып жүрген жоқ. Дегенмен, анар жемісінің ерекше қасиеттері мен пайдалы жақтарын біле жүргеніңіз жөн.
1. Анар адам организмін құ­нарлы заттармен қамтамасыз етіп отырады. Оның құра­­мын­да 15 түрлі амин қышқылы бар. Сонымен қоса, К, С, В9, В6 дәрумендері мен мине­рал­дар­ға (калий, мырыш, фосфор) бай. Анар – калориясы тө­мен жеміс. 100 гр жемісте бар-жоғы 72 килокалория бо­ла­ды.
2. Шырынын (құрамында та­нин болуына байланысты) және жемісінің қабығын меди­цина асқазанның жұмысы бұзыл­ғанда, ал кепкен бұтақ­тары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады.
Асқазаны ауыратындар, ас­қа­зан сөлінің қышқылы жо­ғары, гастритпен ауыра­тын­дар, сондай-ақ, энтероко­лит­цен ауырғанда анардың ащы сұрыптарын пайдалануға бол­майды!
3. Анар ағашы – жұмақ аға­шы. Ибн Аббастың жет­кі­зуінше: «Біздің Пайғамбар (с.а.с) анар дәндерін біртіндеп жейтін. Біз одан: «Неге олай жасайсыз?» дегенімізде: «Жер бетінде бойында бір дәні жәннаттан болмаған бірде-бір анар ағашы жоқ. Мен осы дәндердің бірі жәннаттық деп үміттенемін», – деп жауап берді» (Табарани). Ал Әли (Алла разы болсын) Алла Елшісінің (с.а.с): «Анардың қызыл етін жеңіздер, себебі, ол асқазанды тазартады» (Ахмад ибн Ханбал), – деп айтқанын естіген.

Жауап қалдыру