Қан айналымын жақсартудың 11 жолы

0
140

Егер қан айналымында қандай да бір олқылықтар болса, оны аңғару қиын емес. Қан қысымының жоғарлауы, шаршау, кез келген ауа райында аяқ-қолдың тоңуы, бас ауруы – мұның барлығы қан айналымындағы өзгерістен хабар береді. Ал қанның дұрыс айналмауы жүрек жұмысына ауыртпалық түсіретіні түсінікті. Ендеше қан айналымын жақсарту жолдарымен таныс бо­лы­ңыз.
1. Тағам дәмдеуіштерін көбірек қолданыңыз. Қы­зыл, қара бұрыштар, гүл­шетен (розмарин), жебір­­шөп (тимьян), даршын (ко­рица), сондай-ақ сарым­сақтың да қан айналымын арттыратын күші бар.
2. Сатымен көтерілуге көбіміз ерінгеннен жедел сатының (лифт) көмегіне жүгінеміз. Ал варикоздың алдын алып, жүрек бұл­шықетін жаттықтыруда саты­мен көтерілудің орны бөлек екеніне мән бермейміз.
3. Егер компьютер алдында ұзақ отыратын болсаңыз, арасында тұрып, дене жаттығуларын жасап тұру қажеттігін ұмытпаңыз. Ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру, оттектің жетіспеушілігі қанның ұюына себеп болады.
4. Темекіден бас тарту керек. Өйткені оның құра­мындағы никотин ағза­дағы С дәруменін сыртқа шы­ғарып қана қой­май, сонымен қатар жүрек жұмысына кері әсерін тигізеді.
5. Массаж қан айналымын жақсар­тады. Массаж жасаған­нан кейін дене­міздің босаңсуы – қан ай­на­лымының дұрыс­тал­ға­нының көрсеткіші.
6. Дұрыс демалудың да маңызы мол. Аяғыңызды бас деңгейінен биіктеу, яғни аяқты сәл көтеріп, 15 минут жатудың өзі қан айналымының жақса­руы­на көп себеп болады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде аяғыңызды кө­теріп аздап жатуды әдет­ке айналдырыңыз.
7. Асқабақ, күнбағыс дә­негі, құрма, мейлінше кө­бірек жеміс-жидектер қол­дануға тырысыңыз. Сонымен қатар қан айналымын ретке келтіруде қара шоколадтың да алар орны ерекше.
8. Салқын суға түсу бойды сергітіп, қан айналымын жақсартады. Ыстық ваннадан кейін салқын душ қабылдай отырып, инсульттің болу қатерін 30 пайызға азайтуға болады екен.
9. Көбірек қозғалыста болудың мәні зор. Қозғалыс, саламатты өмір салтын ұстану – қан айналымын жақсартудың бірден-бір жолы. Табиғатта жаяу серуендеп, таза ауда көбірек жүрген дұрыс.
10. Аяқкиімнің ыңғайлы болуы өте маңызды. Мүм­кін болса, мейлінше кө­бі­рек жалаңаяқ жүрген дұ­рыс.
11. Күнделікті жылы су ішуді әдетке айнал­ды­рыңыз. Оның жүрегіңізге пай­дасы мол. Ал суық су қан тамырларын тарылтады.

anabol.kz

Жауап қалдыру