Алма қабығының шипасы

0
18

АҚШ-тың Айова универ­ситетінде Др.Б.Адамстың жетек­шілігімен жасалған зерттеу нәтижесінде, алма қабығындағы урсол қыш­қылының майларды еріту және бұлшық еттерді нығайту ерекшелігінің арық­тауға көмекші бола­тыны анықталды.
Зертханада жасалған тәжірибелерде алманың бұлшық етті 15% арттыратыны және денедегі майлардың жартысынан көбін азайтқандығы анықталды. Алма қабығындағы урсол қышқылы бұлшық ет тығыздығын арттыр­ғанымен, жалпы дене сал­мағын арттырма­ғандығы да анықталды. Осы себепті алма арықтау үшін жақсы жеміс болмақ.
Алманың пайдалары осымен бітпейді. Жүйелі түрде алма жеу қан шекерін, холестеринді және зиянды май қышқылдарының деңгейін азайтады. Др. Адамс алманың әсіресе уақыт өте келе бұлшық еттері азайған қарттар үшін пайдалы екенін атап өтті. Атрофия ауруына кедергі бола алатын элементтердің алманың қабығында мол болатындығы анықталды.

 

Жауап қалдыру