Қайнаған сумен емделіңіз

0
57

Құрбы-құрдас­тары­ңыздың, туыс­та­ры­ңыздың немесе таныстарыңыздың шәй мен кофеден бас тартып, жай ғана қайнаған суды ішіп жүргендерінің талай рет куәгері болдыңыз ба? Сонда «сұмдық-ай, құр суды қалай ішесің?» деген сауалды бірнеше рет қойған да шығарсыз. Олардан «денсаулыққа пайдалы» деген қысқа жауапты естігеніңіз анық. Ал соның қандай пайда екенін айта отыралық.
Қайнаған судың негізгі пайдасы – ағзаны тазалауында жатыр. Су – іш қатуды емдеп, буындардағы және басқа да мүшелердегі артық тұздарды, бүйрек пен бауырдағы тастар мен шлактарды шығарады.
Қайнаған су ішуді баста­ған­нан кейін бірнеше күн өткен соң буындарда, бүйректе ауырсыну,
зәрдің түсінің өзгеруі байқа­лады. Қорық­паңыз! Бұл – ағза­ңызда оң үдеріс­­тердің жүріп жатқан­дығының белгісі.
Қайнаған суды таңғы астан 30 минут бұрын аз ғана мөлшерде ішіңіз. Оны асықпай ішу керек. Су ішекті «оятады», оның жұмысқа кірісуіне себеп болады, қалтарыс-бұлтарыстарында іркілген қажетсіз заттарды сыртқа ығыстырады.
Аталған қарапайым рәсімді бар-жоғы алты ай уақытқа дейін орындасаңыз жетіп жатыр. Бұл уақытта денеңіз артық майлардан ары­лып, дене сымбаты
қал­пы­­на келіп, белгілі бір жүйеге түседі. Омыртқа жотасындағы ауру-сыр­қаулар жоғалып, икемге келе бастайды.
Асыңыз дұрыс қорытыл­май, ішіңіз кеуіп жатса, тамақ­тан кейін де қайнаған су ішкеніңіз дұрыс.

Жауап қалдыру