Адамды сендірудің 10 тәсілі

0
39

Бірінші тәсіл:
Гомер тәсілі
Келтірілетін дәлелдер мәселені ба­рынша нанымды етіп көрсетеді. Ар­гументтердің мына реттілігі олар­ды айшықты етеді: мықты аргумент – орташа аргумент – ең мықты аргумент. Демек, әлсіз дәлелдерді айтудың мүлде қажеті жоқ. Себебі сіз­бен әңгімелесуші адам дәйексіз аргу­менттерге сын айтуға дайын бо­лады.

Екінші тәсіл:
Сократ тәсілі
Біреудің мақұлдауын алу үшін, негізгі мәселені үшінші орынға қою керек. Ал бірінші және екінші орынға өте қарапайым, мақұлдауға оңай мәселелерді қою керек. Сонда сұрақ қою кезінде алғашқы екеуіне оңай жауап берген адам, үшіншісін де оңай мақұлдайды. Бастысы – алғашқы екі сұрақ қысқа да нұсқа болуы тиіс.

Үшінші тәсіл:
аргумент-адамның дәрежесі
Бұл ережеге сәйкес, кез келген мәселенің мән-жайын біреуге сендіру үшін, оған қатысы бар өзге біреуді, яғни аргумент-адамды айту керек. Ол адам дәрежелі, беделді болса, өзгені сендіру оңайға түспек. Бұл тәсілді жарнама саласындағылар жақсы қолданады. Мысалы спорт тауарын жарнамалап, оның жоғары сапасын дәлелдеу үшін атақты спортшының сол өнімді пайдаланатынын айту жеткілікті. Сол арқылы тұтынушылар оң әсерде қалады.

Төртінші тәсіл:
біреуді төмендетпеу
Мұны тәсілден гөрі ережеге жатқызған дұрыс. Біреудің дәрежесін, мүмкіндігін, қабілетін төмендету – оған негативті әсер ететіні анық. Нандыру кезінде бұл ережені есте ұстаған абзал. Тәжірибелі жар­на­машылардың мына сөзі оны нақтылай түседі: «Тұтынушы сізден ақымақ деп ешқашан ойламаңыз».

Бесінші тәсіл:
жағымды аргумент
Бұл тәсіл үшінші тәсілмен ұқсас. Аргумент-адам ретінде келтірген тұлғаның өзгеге жағымды-жағымсыз болуы үлкен әсер етеді. Кез келген аяқ-асты жағдайда бұл тәсілді де естен шығармаған жөн.

Алтыншы тәсіл:
диллема емес, келісім
Бір мәселеге сендіру үшін әртүрлі пікірлерден емес, әңгімелесушімен ортақ келісімге келген тұстан бас­таған жөн.

Жетінші тәсіл:
эмпатия танытыңыз
Өзге біреудің ойын жаулау үшін оның жағдайына кірген дұрыс. Яғни эмпатия білдіріп, оның эмоциясына ортақ болу керек.

Сегізінші тәсіл: конфликтогендерден аулақ болыңыз
Бір тұжырымды түсіндіру кезінде дау-дамай ойламаған жерден шығып кетеді. Оны тудыратындар – конф­ликтогендер (жанжал шығарғыштар).

Тоғызыншы тәсіл:
ым-ишара
Өзгені сендіретін адам іс-қимыл, мимика, ым-ишара арқылы өз аргументтерін жұмырлата түседі.

Оныншы тәсіл:
қажеттілікті өтейтінін көрсету
Сіз ұсынған мәселе біреудің қажеттілігін өтейді. Ал оны сендіру кезінде нақ айтып, көрсете білу керек.

Жауап қалдыру