Ақша қайткенде көбейеді?

0
15

«Ақша жинау үшін міндетті түрде табысты көп мөлшерде табу керек» деген жалған сөз. Кез келген адам ақша жинай алады…
Табысты қанша таба­тындығыңыз емес, оны дұрыс жұмсай білуіңіз маңызды. Жас­тайы­ңыз­дан ақша үнем­деу мә­се­лесін қолға ал­масаңыз, бола­шақтағы мүм­кіндік­теріңізді бағдар­лауыңыз қиынға соғады. Жұмсаған ақшаңыз ауаға ұш­пастан, сізге пайдасын тигізіп отыруы қажет.
Жалғызбасты адамдар көп уақытын жұмыста өткізетінін біле тұра, ай сайын азық-түлік сатып алады. Олардың кейбіреулері мерзімдерінен өтіп, бұзыла бастайды. Осы секілді қажетсіз шы­ғындардан аулақ бол­ғаныңыз жөн.
Біз миллионер бол­масақ та, қажетсіз дүние­лерге ақшамызды құр­тып, шығындаламыз. Ал­дыңызға мақсат қо­йыңыз. «Онсыз да өмір сүре аламын» деген дүниелерге ақша жұмсамаңыз. Кө­ңі­ліңізді көтеріп қою үшін айына бір рет қана ар­тық зат салып, қалған ақ­шаңызды бақылауға алыңыз. Жақсы киіну үшін де бар ақшаңызды жұмсаудың қажеті жоқ, бастысы талғаммен киіну.
Алдыңызға 1-5 жыл аралығында орындалуға тиіс айқын мақсаттар қойыңыз. Бес жылдан соң өміріңізді қалай елестетесіз және осы уақыт ішінде не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді. Ол білім алу, үй, көлік болуы мүмкін. Армандарыңызға бүгінен бастап қадам басыңыз.
Ақша үнемдеудің жолы:
Біріншіден, 2 апта бойы ақ­шаңызды не нәрсеге жұмсағандығыңызды жа­зып отырыңыз. Ол 5 тең­ге болсын, 5000 теңге бол­сын маңызды емес. Бас­тысы олардың біреуін де қалдырмай жазып отыру. 2 апта уақыт өткен соң қанша ақшаңыздың ауаға ұшып, қаншасының дұ­рыс жұмсалғанын анық­тайсыз.
Табысыңызды үш бө­лікке бөліңіз. Олар: шы­ғын, кіріс, жиналған ақ­шалар болуы тиіс. Жә­не олардың ортасында тепе-теңдік орнатыңыз. Жо­ғарыда айтылған бірінші қадамды жасаған соң, ке­лесі айда ақшаңызды ойла­нып отырып жұм­саңыз.
Барлығы да ақша жинау мүмкін емес деп ойлайды, алайда олай емес. Тіпті, шәкіртақы алатын студенттің өзі де ақша жинап, сүйіктісіне гүл сыйлай алады. Маңызы бар дүниелерге ақша міндетті түрде табылады. Ай сайын алатын табысыңыздың 20%-ын, одан да жақсысы, 30%-ын жинап отырыңыз. Депозиттердің рейтінгілерін анықтап, ақша­ңызды банкке салыңыз. Жинап жатқан ақшаңызды жоқ деп есептеңіз.
Екіншіден, «Ақша деген не?» деген сұраққа жауап беруіміз керек. «Бұл – еркіндік пен мүмкіндіктің түйіскен жері. Ақшам жеткілікті болса, тыныш ұйық­тап, қанағаттану сезіміне ие боламын. Маған қымбат үйлер немесе бағалы көліктер қажет емес, бастысы әрбір жұмсаған ақшамның табыс әкелуі», – деп табысты адамдар бірауыз­дан жауап қайырады.
Ақшаны үнемдеуді кішкентайымыздан үйрет­пейтіндіктен, оларды дұрыс басқара алмаймыз. Көпшілік бай болып туыл­ғысы келеді, алайда барлығы да еңбектің жемісі. Ақша бақылауда болғанды ұнататынын есі­ңізде сақтаңыз.

Жауап қалдыру