Жылдың үздік кітапханасы

0
255

ҚР Ұлттық кітапханасы Директоры –Жанат СЕЙДУМАНОВ

Қазақстан Республикасының Ұлттық кі­тап­ханасы көпдеңгейлі әлеуметтік-мәде­ни институт ретінде еліміздің рухани дамуына, адами капитал сапасын көтеруге үлкен үлес қосып отырған бірден-бір мекеме. Үстіміздегі жылы Ұлттық кітапхана оқырмандарға кітапханалық, ақпараттық, анықтамалық-библиографиялық қызмет көр­сетуді ұйымдастыру, ұлттық ақпараттық ресурстарды жүйелі қалыптастыру, республика кітапханаларының қызметін ғы­лыми және әдістемелік қамтамасыз ету, жалпыұлттық білім, ғылым, мәдениет және ағарту орталығы ретінде кешенді іс-шараларды іске асыру бағыттарында жұмыс жасады.
Ұлттық кітапхана республика кітапханалары үшін ғылыми-әдістемелік орталығы болғандықтан ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жұмыстар күшейтілді. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында дуалды білім беруді ұйымдастыру мақсатында «Кітапханатану және библиография» кафедрасы ашылып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің кітапханалық факультеттері студенттерінің теориялық және тәжірибелік дайындықтарын қатар жүргізетін оқу-тәжірибелік орталығына айналады.
Ұлттық кітапхананың бастамасымен Қазақ­стандық кітапханалық одақ (ҚКО) құрылды. Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап жаңа кәсіби «Кітап және Кітапхана. Книга и Библиотека. Book & Library» журналы шыға бастады.
Республика кітапханашы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында кітапханалардың, жалпыға бірдей көпшілік кітапханалардың, жоғары оқу орындары, архивтер, мұражайлар кітапханаларының мамандарына арналған Каталогизаторлар мектебінде жыл бойы 150 тыңдаушы біліктіліктерін арттырды. Ұлттық кітапхана мамандары республика кітапханаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа облыстарға сапармен барып, шеберлік кластар ұйымдастырып, әдістемелік сабақтар мен семинарлар жүргізді. Республика кітапханаларын Әмбебап ондық жіктеу бойынша (УДК-ӘОЖ) құжаттарды индекстеуге көшіру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Ұлттық кітапхана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес ұлттық жаңғыру міндеттерін жүзеге асыру мақсатында көптеген үлкен жұмыстарды атқаруда.
Таяуда Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіруді жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында жаңа латын әліпбиін насихаттау және ілгерілетуге жәрдемдесу үшін Латын әліпбиін оқып-үйрену орталығы ашылды. Орталық Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен, Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетімен бірлесіп, ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.
Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін шет елдерде таныстыру мақсатында шет елдерде халықаралық кітап көрмелерін ұйымдастыруды, шетел ұлттық кітапханаларында Қазақстанның кітап бұрыштарын ашуды жүйелі түрде іске асыруда. Үстіміз­дегі жылы мамыр айында Біріккен Араб Әмір­ліктерінде өткен Абу-Даби халық­аралық кітап көрмесіне қатысып, қазақ­стандық кітап көрмесін ұйымдастырды. Дубай, Кувейт, Қытай, Түркия ұлттық кітапханаларында қазақстандық кітап бұрыштары ашылып, Қазақ­станның тарихы, мәдениеті мен өнері­мен, әдебиетімен таныстыратын әде­биет­тер ұсы­нылды.

Жауап қалдыру