Жылдың үздік аудан әкімі

0
3601

Қарасай ауданының әкімі Махаббат БИГЕЛДИЕВ

Қарасай ауданы Алматы облысындағы халқы тығыз қоныстанған әрі аграрлық, әрі өндірістік аудан. 11 ауылдық округте, аудан орталығы Қаске­лең қаласын қосып алғанда 47 елді мекенде 262 мың халық тұрады. Мұнда мемлекет құраушы қазақ халқымен бірге 30 этностың өкілдері мекендейді.
Қарасай ауданында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 12 мың субъект тіркелген. Шағын кәсіпорындар саны – 2300 болса, жеке кәсіпкерлер – 7 мыңнан асады. Ауылшаруашылығы саласында 2 620 нысан жұмыс атқаруда. Бүгінгі күні кәсіпкерлікте 55 800 адам жұмыс істейді, олардың орта жалақы мөлшері 110 мың теңгені құрайды. Шағын және орта бизнестен түскен бюджеттік төлемдер 10 млрд 244 млн теңгеге жетті.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жыл­дың аяғына 198 млрд теңге болады деп күтілуде. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда біршама көп. Таяуда Индустрияландыру күніне орай ауданда «Қарасай машина өндіру зауыты» ашылды. Жобаға 4,6 млрд теңге инвестиция тартылды, өндірістік қуатына сәйкес айына – 18 мың теңге металл конструкцияларын шығарады. 102 жаңа жұмыс орны ашылды.
Ауданның ауыл шаруашылық құрылым­дарында 2 мемлекеттік шаруашылық («Қаз ҒЗЖӨИ», «Қаз ҒЗККИ»), 27 өндірістік кооператив, 101 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 3669 шаруақожалығы жұмыс істейді. Жалпы аграрлық салада 20500 адам жұмыспен қамтылған. 7 асыл тұқымды шаруақожалығы бар. Оның үшеуі сүт бағы­тында, екеуі жылқы фермасы, екеуі қой шаруа­шылығын дамытуға бағытталған.
Жылдың аяғына дейін жалпы ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің көлемі – 46 млрд тең­геге жуықтайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Инвестиция тартуға ауданда баса назар аударылған. «Каз Агро Қаржы» АҚ-ның қаржылық қолдауымен «АгроИмпэксАлатау» ЖШС-і екі гектар жерге заманауи технологиямен жылыжай кешенін салып, қазір ол ел игілігіне жұмыс істеуде. Жобаға тартылған инвестиция сомасы – 1 млрд 400 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, 377 млн теңге инвестиция сала отырып, «Жетісу» ауыл шарушылық өндірістік кооперативінде 1000 бас ірі қараға арналған бордақылау кешені салынып, қолданысқа берілді.
«2015-2019 жылдарға арналған аймақ­тарды индустрияландыру картасы» бағдар­ламасына 2 жоба енгізілген, олар: Шамал­ған бекетіндегі «АзияАгроФуд» АҚ-ның крахмал, сірне, жүгері майын өндіру зауыты. Жобаның инвестициялық құны 471 млн теңге. Жоба 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосылып, 15 жаңа жұмыс орнының ашылмақ.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жы­лы 25 млрд теңгені құрады. Тек биыл­дың өзінде 224 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Ауданның облыс көлеміндегі үлес салмағы осы салада 36,7%-ды құрайды. 2017 жылдың аяғына дейін шағын және орта бизнес саласында өндірілген өнім көлемі 27,1 млрд теңге болады деп күтіліп отыр. Жылдың аяғына дейін бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 4,6 млрд теңгеге өсіп, 30,1 млрд теңгені құрайды.
Әлеуметтен, экономикадан ауданның мә­де­ниеті қалыс қалып келе жатқан жоқ. Аудан әкімшілігі Елбасы Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп, нақты жұмыстар атқарылуда. 52 адамнан тұратын «Қоғамдық сананы жаң­ғырту» өңірлік комиссиясы жергілікті бас­қарушы органдармен, мемлекеттік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құрал­­дарымен ынтымақтаса отырып арнайы бағыттар бойынша 6 жұмыс тобында жұмыстар жасап жатыр. Бағдарламаны іске асыруда жеті үкіметтік емес ұйым белсенділік көрсетіп отыр.

Жауап қалдыру