Жол белгілері жаңартылуда

0
91

2015-2016 жаңа оқу жылы­ның басталуына байланыс­ты Қызылорда қаласы көле­мін­дегі барлық білім беру ұйым­дарының айналасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қам­тамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен, оның ішінде жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Әкімшілік поли­ция басқармасының қызмет­керлері жол қозғалысын рет­тейтін техникалық құрыл­ғы­ларға (бағдаршам, жол бел­гілері, жол үсті таңбалары, жаяу жүргіншілер жолы) зер­делеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, облыс орталы­ғындағы біршама білім беру ұйымдарының алдында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамта­масыз ететін жол белгілері мен жол үсті таңбалары жетіс­пейтіндіктері анықталды.
Зерделеулер барысында анық­талған кемшіліктер жөнін­дегі мәліметтер облыстық про­куратураға ақпарат ретінде жол­данған болатын.
Зерделеу нәтижесімен қала аумағында орналасқан 56 мек­теп пен мектепке дейінгі меке­мелер алдында 102 дана жол белгілері жетіспейтіндігі, 24 да­на жол белгілерін қайта қал­пы­на келтіру керектігі, 100 жер­де жаяу жүргіншілер өтке­лінің таңбаларына жаңарту жұ­мыстарын жүргізу керектігі анықталды.
Осы ретте, аталған кемшілік­терді жою үшін қала әкімдігіне хабарлама-ұсыныстар беріліп, қалалық коммуналдық шаруа­шылығы және автомобиль жол­дары бөліміне кемшіліктерді жою жөнінде ұйғарым жолдан­ды.
Ұйғарым талабы жауапты ме­кемелер талапты орын­да­маған жағдайда Қазақстан Рес­пуб­ликасының Әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы Кодек­сінің 631-бабы бойынша олар­ға әкім­шілік жауапкершілік көз­дел­ген.
Дәл осындай жұмыстар бар­лық аудандық ішкі істер бөлім­дерінде де жүргізілуде.
А.АХМЕТОВ, Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі

Жауап қалдыру