Жетістікке жету жолы

0
111

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауын Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемле­кеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы зор қызы­ғушылықпен қабылдады. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап берді. 

Атап көрсетілгендей 10 бағыт­қа жүктелген жұмыс – барша қазақстандықтар болып жұмылып атқарылар абыройлы іс. Әсіресе Жетінші міндет: Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы бо­йынша Елбасы «Барлық жастағы азаматтарды қамти алатын өзіміздің алдыңғы қатарлы озық білім беру жүйемізді құру­ды жеделдетуіміз керек», –деп Үкіметке нақты міндеттемелер қойды. Қазіргі заман талаптарына сәйкес оқытудың мазмұн­ды­лығы заман­ауи техника­лық тұрғыдан қолдау көрсету арқы­лы үйлесімді түрде толық­тыры­луға тиіс.
Президент өз Жолдауында «Жоғары оқу орындары шетелдердің жетек­ші университеттерімен, ғылы­ми ор­талықтарымен, ірі кәсіп­орын­­дарымен және транс­ұлт­тық корпорациялары­мен бір­лескен жобаларды бел­сен­ді түрде жүзеге асы­руы қажет. Жоғары оқу орын­дарына білім беру бағ­дар­ламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олар­дың академиялық еркіндігін заңна­малық тұрғыдан бекіту керек.
Оқытушылардың қайта даяр­лықтан өтуіне күш са­лып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тар­тып, әлемдік универ­ситеттердің кампустарын ашу қажет», – деп қазақстандық жоғары оқу орындары алдына жаңа талаптар жүктеп отыр. Өз басым Елбасының бұл талап­тарын заманға лайық, кезеңі келген және орындалуы аса қажет міндеттер деп санаймын. Қазіргі таңда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін­де Елбасы тапсырмаларынан туындайтын  жұмыстар қолға алынып, жаңаша стратегия­лық даму жос­пары жасалынып жатыр.

Бүгін­де Атырау уни­вер­си­тетінің ғылы­ми-зерттеу ба­­ғытындағы жұмыс­тарын да­мыту үшін көптеген шетел университеттерімен жә­не ғы­лыми-зерттеу ұйым­дары­мен тығыз байланыстар орнады. Мұның бар­лығы мемлекеттік университеттер Ассоциациясы аясында Каспий маңы мемлекеттері – Ресей, Иран, Әзербайжан, сондай-ақ АҚШ, Ұлы­британия және Түркия елдерімен қарым-қатынастан көрінеді. Биыл­ғы оқу жылында университе­тімізде «ENGLISH ONLY SPACE» – екі компоненттен тұратын, ағыл­шын тілін үй­ренуге арналған иннова­ция­лық кешен және «I SPACE» – студент жастарға, қала тұрғындарына кәсіпкер­лік мәде­ниет пен дағдылар­ды қалыптастыруға, стартаптарды іске қосуға және жаңа компаниялардың да­муы­ның бас­тапқы ке­зе­ңінде өсуіне ықпал етуіне ба­ғыт­талған, университет қыз­метінің инновациялық нысаны, коворкинг алаңы сынды ор­талықтар іске қосыл­ды. Осы жұмыстардың барлы­ғы да Нұрсұлтан Назар­баев­тың өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қа­жеттігін ескеріп, «Қазақ­стан-2050» даму стра­те­гия­сын қабылдап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жү­зеге асырылуының арқа­сында қол жет­кізе алған жетіс­тіктері­міз деп біле­мін.
Жолдаудың маңызын те­реңірек түсіндіру мен онда міндеттелген тапсырмаларды
орындау мақсатында оқу ордасының қабырғасында үлкен жиындар ұйымдас­ты­ры­луда.
Солардың бірі университет ғылыми кеңес залында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Саға­диевтің қатысуымен өткен жиын. Басқосуда Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова модераторлық етті. Кеңеске Атырау облысы жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары және профессор-оқы­тушылар құрамы қатысты.
Осы кездесу ба­рысында Ерла­н Сағадиев жа­ңар­­тылған білім беру жү­йесі бойынша жаңа бағ­дар­ламаларды түсі­ндірді.
Атап айтқанда, ағылшын тілінде өтетін пәндер, латын қарпіндегі жаңа кітаптар, оқытушылардың білім беру тәжірибесін көтеру туралы мәселелерге тоқталды. Жиын барысында университеттің Жоғары және жоғары оқу ор­нынан кейінгі білім департаменті директоры Гүлзат Кө­­бенова білім жүйесіндегі заң­на­малармен таныс­тыр­ды. Сондай-ақ қазіргі таңда бі­лім саласындағы мәсе­ле­лер кеңеске түсіп, қарас­тырылып жатқанын айтқан бо­латын. Ғылыми кеңеске қа­тысушылар білім сала­сын­дағы өзгерістерге орай сұ­рақ­тарын қойып, ұсыныс­та­рын білдірді.
Жолдау жай-жапсарын тү­сіндіру-талқылау жұмыс­тары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі орынбасары Ақылбек Қамал­ди­новтың оқу ордасына сапарымен жалғасты.
Университеттің оқытушы­лық құрамы және студенттермен өткен кездесуде мем­лекет басшысының қа­зақ­стандықтарға арналған Жол­дауындағы міндеттер елі­міздің келешектегі дамуына арналғандығын тілге тиек еткен Ақылбек Қамалдинов Жол­даудағы басым бағыт­тарға ерекше тоқталып өтті.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қа­мал­динов өз кезегінде Жол­даудың басты міндеттері – Қазақстанның жаңа ке­зе­ңіндегі экономикалық дип­лома­тияның негізін құрай­тын­дығын атап өтіп, «эко­но­микалық блогпен бірлесе оты­рып, үкімет инвес­ти­циялық және экспорттық бағыттардағы өзара іс-қи­мылдың нақты тетігін жетіл­діре түседі. Бұл Қазақ­стан экономикасының басым салаларына инновациялық тех­нология­ларды тартуға сон­дай-ақ, отандық кәсіпорын­дардың өнімдерін сырт­қы нарықтарға жыл­жытуға ба­ғытталады.
Өнеркәсіп көлік және логистика секторын, агроөнер­кәсіптік кешенін жаңғырту са­­ла­сындағы халықаралық ын­тымақтастыққа назар ау­дарылатын болады. ҚР Сырт­қы істер министрлігі Қа­зақ­стан дип­ломатиялық қызметіне цифр­лық техно­логия­ларды ен­­гізуді жал­ғастырады» – де­ді.
Кездесу барысында Қамал­динов мырза студенттер тарапынан қойылған бірқатар көкейтесті сұрақтарға тұ­щым­ды жауап берді.
Х.Досмұхамедов атындағы Аты­рау мемлекет­тік уни­верситетінің про­фес­сор-оқы­­тушылар құрамы мен бар­ша ұжы­­мы Елбасымыздың Төр­тінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жоспары саналатын Жолдауын толықтай қолдап жаңа заманға сай болуы үшін жұмыла еңбек етіп, Қазақстанның жар­қын болашағы жолында биік мақсаттарға қол жеткізуде талмай қызмет жасайды.

Абзал ТАЛТЕНОВ,
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры

 

Жауап қалдыру