Жеке тұлғалардың 21,1 млрд теңге салық берешегі бар

0
147

Елімізде 1 млн 387 мың жеке тұлғаның 21,1 млрд теңге салық берешегі бар. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.
Оның айтуынша, Қаржы министрлігі жеке тұлға­лар үшін салықтық рақым­шы­лық жүргізу жөніндегі Жол картасын әзірледі. 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағ­дай бойынша 1 млн 387 мың жеке тұлғаның 21,1 млрд теңге көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы және жер салығы бойынша берешектері бар.
«Жол картасы жеке тұл­ғалардың критерий­лерін және салықтық ра­қым­­шы­­лық жүргізілетін бере­­шек сомаларын әзір­леуге, заң­намаға түзе­тулер әзір­леуге бағыт­­талған бірқатар іс-шара­­ларды, сондай-ақ са­лық­тық рақымшылықтың өзін жүргізу жөніндегі іс-ша­ра­ларды көздейді. Пар­­ламентке заңнамаға тү­зе­­тулер енгізудің жоспар­ланған мерзімі – 2019 жыл­ғы наурыз. Мау­сым айында заңды қа­былдау және жыл соңы­на дейін рақымшылық жа­сау­ды аяқтауымыз ке­рек», – деді министр.
Ә.Смайылов қазіргі уа­қыт­та Елбасының тап­сыр­масы бойынша жүргі­зіліп жатқан шағын және орта бизнеске салықтық ра­қымшылық деректеріне тоқ­талды.
«1 ақпандағы жағдай бо­йынша 27 868 салық төлеуші өздерінің сомасы 5,9 млрд теңге берешектерін төледі. Осыған байланысты 1,1 млрд теңге өсімпұл және 0,1 млрд теңге айыппұл есептен шығарылады. Бұл жұмыс жыл аяғына дейін жалғасады», – деді ол.

Марлан ЖИЕМБАЙ

Жауап қалдыру