Жастарға жарасымды бағыт

0
94

Таяуда Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы құрылған болатын. Осыған орай Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Атырау облысы ҚХА-ның және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының алғашқы отырысы өткізілді.
Шараға Атырау облысы Қа­зақстан халқы Ассамб­леясы хат­шылығының мең­геру­шісі Гүлмира Шәкірова, «Қо­ғамдық келісім» КММ-нің басшысы, Атырау облысы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңім­паз­дары Ерлан Күмісқа­лиев пен Әсемгүл Оразаева, «Жаңғыру жолы» Атырау об­лысы жас­тар қозғалы­сының штаб мү­шелері қатысты.
Отырыс барысында Гүлмира Шәкірова қатысу­шыларға 2018-2020 жылдарға арналған «Жа­ңғыру жолы» қозғалысы жөнінде және алдағы уақытта жастармен жұмысты жүйелі деңгейде қа­лыптастыру керектігін айтып өтті.
«Баршаңыз білесіздер, был­тыр Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси жүйеде, эко­номикада және қоғамы­мыз­дың рухани саласында ау­қымды жаңғыруларды бастап берді. Пре­зиденттің кезекті бұл бас­тамасы ұлттың бақуат­тылы­ғының негізі болып табылатын әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталып отыр. «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының негізгі мақсаты – Президенттің – Ассамблея Төрағасының саясатын, ҚХА-ның қоғамдық келісім мен жал­пыұлттық бірлікті нығайту бойынша қызметін қолдау үшін жастарды шоғырландыру. Жо­ба ең алдымен жастарға арна­луының өзі кездейсоқтық емес. Өйткені жастар келешекте елдің дамуының нақты қадам­дарын анықтайды. Сондықтан «Жаңғыру жолы» қозғалысының құрылуы Қазақстанның жас­тарды қолдауының көрінісі. Қоз­ғалыстың негізгі міндеті бел­сенді жастардың басын бірік­тіре отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы тапсыр­маларды іске асыруға үлес қо­суы тиіс», – деді Гүлмира ханым.
Сондай-ақ, Атырау облысы ҚХА жанындағы Жастар қана­тының, «Таврос» армян ЭМБ-нің мүшесі Г.Арутюнян 2018 жылдың 15 наурызда Астана қаласында ҚР Мемле­кеттік хатшысының Г.Н.Әбдіқа­лықованың қатысуы­мен ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалы­сының құрылтай конференциясына қатысып келгендігін айтып, сол жиында айтылған үндеумен таныстырды.
«Бұл қозғалыстың ең басты мақсаты – барлық аймақта этномәдени бірлестіктер жанын­дағы жастар ұйымдарын бірік­тіру, және де Елбасының жаң­ғыру, жаңғырту бойынша сая­сатын қолдау. «Жаңғыру жолы» жастар қозға­лысының құрылған күні Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуінің де символикалық мәні зор. Жастармен бірігіп жұмыс істеуге Қазақстан халқы Ассамблеясы баса мән беріп келеді. Жастар қозғалысының мұндай форматы қоғамдық сананы жаңғырту міндетін іске асырудың дәлме-дәл бейнесі. Еліміздегі барша этномә­дени бірлестік жастары бұл баста­маны қуана қарсы алады деген сенімдемін», – деді Г.Арутюнян.
Шара барысында Атырау об­лысы әкімі аппаратының «Қо­ғам­дық келісім» КММ-нің бас­шысы Жаннат Досқалиева бар­лық қатысушыларға рақ­мет айтып, «Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалы­сының көшбасшысы мен штаб мүшелеріне алға қойған міндет­терді орындауда берілсе жұ­мыс жасауға, алдағы уақытта жаңғыру жолы жастар қозғалысы жұмысын жандандыруды қолға алуға шақырды.
Жаңғыру жолы – жастар жолы, – деген Жаннат Досқалиева қозғалыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Өз сөзінде ол, Мемлекет басшысының батыл қадамы жастардың дамуы үшін әлеуметтік, экономикалық лифт болып отырғанын атап өтті.
Ассамблеяның жастар қоз­ғалысы осындай бастама­лар­ға қолдау көрсетуде сенімді әріп­тес болмақ. «Бірлік бол­май тірлік болмас» деген атам қазақ. «Жаңғыру жолы» респуб­лика­лық жастар қозғалы­сы еліміздегі береке мен бірлікті одан әрі дамытуға үлкен септігін тигізер деген сенімдеміз.

Амангелді МАҚСАТ

Жауап қалдыру