Жастарға қолдау арттырылады

0
21

«Нұр Отан» партиясы елдегі жетекші саяси күш ретінде қарапайым халықтың мәселелерін нақты шешудің тетіктерін қолға алмақ. Ол үшін бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын және партия фракцияларының іс-қимылын күшейтуге баса назар аударылады. Сонымен қатар, саяси ұйым жастар саясаты мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, оларға қолдауды арттырмақ.
Бұл туралы 25 тамызда Ас­танада, партия Төрағасының Бі­рінші орынбасары Асқар Мыр­захметовтің қатысуымен өткен алғашқы селекторлық ке­ңесте айтылды. Кеңейтілген жиынға партия хатшылары, пар­тия кураторлары, Мәжіліс депутаттары және орталық ап­парат жетекшілері мен об­лыс­тық филиал төраға­лары­ның бі­рінші орын­ба­сар­лары қа­тыс­ты.
Елбасы, «Нұр Отан» пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан На­зарбаев партия Саяси кеңесі бюросының отырысында жетек­ші әрі бүкіл халық алдындағы жауапты саяси күш ретінде «Нұр Отанның» алдында қазіргі күні аса маңызды міндеттер тұрғанын атап көрсетті.
Мемлекет басшысы «Нұр Отанға» қазақстандықтарды Бес институционалдық рефор­маны және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыруды, «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын тиімді бақылаумен қамтамасыз етуді, сонымен қатар, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға ықпал етіп, барлық туындайтын мәселелер бойынша халықпен бел­сенді жұмыс жүргізуді тап­сырды.
Елбасы жүктеген осынау тапсыр­маларды орын­даудың жос­пары партияның селектор­лық кеңесінде айқындалып, партия Төрағасының бірінші орынбасары бұл бағыттағы жұмыстарды тиянақты жүзеге асыру үшін жаңа әрі нақты міндеттерді белгіледі.
Жиында партияның алдағы уақытта ең алдымен бюджеттің тарапынан атқарылып жатқан бағдарламаларға баса назар аударатыны айтылды. Яғни, түрлі салалық бағдарламалар бойынша мемлекеттен бөлінетін қаражатқа бақылау күшейтіліп, бюджет қаржысының тиімді және мақсатты жұмсалуы пар­тия тарапынан қатаң қада­ға­лау­да болады.
Партия алдында тұрған тағы бір маңызды міндет қоғамдық қабылдау бөлмелерінің белсен­ділігін арттыру болмақ.
«Жыл өткен сайын қоғамдық қабылдауларға мұң-мұқтажын айта келушілердің арта түсуі «Нұр Отанға» деген халық се­німінің бір көрсеткіші. Алай­да, ендігі жерде біз істің нәтижелілігін тек келіп түскен өтініштер көлемімен ғана емес, қарапайым тұрғындар мәсе­ле­лерінің қаншалықты түбегейлі шешімін тапқанымен өлшеуге тиіспіз.
Ол үшін ең алдымен арыз-шағымдардың түп-төркініне үңілген жөн. Яғни, белгілі бір өтініш қандай себеппен түсті, бұл қандай орган жұмысының кемшілігі дегенді анықтап, соған сай халықтың мәселесін нақты шешудің тетіктерін іске асыру қажет», – деді партия Төрағасының бірінші орынбасары. Яғни өз деңгейінде берілген құзыретіне сәйкес атқарушы органдардың жұмысы да бағаланатын болады.
Осылайша «Нұр Отан» би­леуші саяси күш ретінде азамат­тарды толғандырған мәсе­лелердің шешілуіне ықпал етіп, сондай-ақ, халықпен тұрақ­ты байланыс орнатып, жұрт­шы­лықтың сенімін артты­ру арқылы партияластар қатарын одан әрі ұлғайтуды жалғастыра бермек. Бұл жерде санға ғана емес, негізінен сапаны арттыруға да үлкен көңіл бөлінеді.
Бүгінгі күні партия алдында тұрған өзекті мәселенің бірі – бастауыш партия ұйымдарының жұмысын сапалы жаңа деңгейге көтеру.
Ол үшін Орталық аппарат пен бастауыш ұйымдар жұмысын үйлестіру аса маңызды. Өйткені, жоғарыдан берілген тапсырма жергілікті жерлерде толыққанды жүзеге аспай жатады. Осы­ған орай алдағы уақытта пар­тия­ның барлық деңгейдегі ұйым­дары арасындағы бай­ла­ныс күшейтіліп, бірізді­лік­пен жұмыс істеу жүйесі қа­лып­таспақ. Партия Төрағасы жүктеген міндеттерді халыққа түсіндірудің, оның орын­да­лы­сын қадағалаудың маңыз­ды тетігі – жалпы саны 5700 бастауыш ұйыммен бір­лес­кен іс-қимылды одан әрі жан­дандыру шаралары нақты­лан­ды. Ұйымның халықтық пар­тия ретіндегі ұстанымын қам­тамасыз ету үшін жергілікті жерлердегі құрылымдарына тиісті жағдай жасау, соның ішінде бастауыш ұйымдар бас­шы­ларының біліктілігін қайта қарау, оларды арнайы семи­нар тренингтерден өткізу туралы тапсырма берілді. Осы тапсырмалардың негізінде бас­тауыш партия ұйымдары же­тек­шілерінің қатысуымен, өңір­лерде арнайы жиындар өте­тіндігі айтылды.
Алдағы уақытта партия жұ­мысының басым бағыт­тарының бірі – жастар саясаты болмақ. Бұл үшін ең алдымен жастар өміріндегі қазіргі күндегі ең басты мәселелер зерделеніп, мемлекеттік бағдарламалар ар­қылы жастарды жұмыспен қам­ту, біліктілігін арттыру, кә­сіпке баулу т.б мәселелер жүйеленуге тиіс.
Осыған орай «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын жетілдіру мақсатында өңірлер­дегі «Жас Отан» белсенділерінің жаңа бағыттағы жұмыс жоспар­лары мен тың идеяға толы ұсы­ныс­тарын жинауға бір ай мерзім белгіленді. Бұл міндет өңірлік филиал басшыларына жүктелді.
Сонымен қатар, селектор­лық кеңесте Сыбайлас жемқор­лықпен күрес бағытындағы жұ­мыстарды жетілдіру, пар­тия­лық бақылауды күшейту мәселесі де жан-жақты айтылды. «Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қо­ғам­дық кеңестің іс-қимылын арттыру мәселесі көтерілді.
Бұған қоса алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясының Мә­жі­лістегі және барлық дең­гейдегі мәслихаттардағы фрак­ция­лары арқылы жергілікті жер­лерде қарапайым халыққа қиындық тудырып, өндірістің, ауыл­шаруашылығының, ша­ғын және орта бизнестің да­муы­на кедергі болып жатқан мә­селелерді анықтап, партия­ның Мәжілістегі фракциясы арқылы заңнамалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көтерілді. Ол үшін өңір­лердегі өзекті мәселелердің тіз­бегін айқындап, Орталық аппа­ратқа ұсыныс беру облыс­тық филал басшыларына жүк­телді.

Жауап қалдыру