Жасампаз идеялар насихатталады

0
43

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзір­байжан Республикасына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес «Caspi Leader Camp» лагері Каспий маңы елдерінің  І халықаралық жастар форумы жұмысын бастады. Шараны Маңғыстау облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы Менеджмент Университеті ұйымдастырып отыр.
Лагерь жұмысына ҚР Жас­тар көшбасшылары, өңірлік жас­тар ұйымдарының жетек­ші­лері, жастар бірлестіктері мен одақтарының жетекші­лері, жастар ресурстық орталық­тары­ның директорлары, АТ дамуы сала­сындағы жас мамандар, ЖОО жастар бірлестіктерінің өкіл­дері,  мәдениет және спорт саласының өкілдері, жас кәсіп­керлер, жас саясаткерлер және әлеу­меттанушылар және бло­гер­лер, барлығы 150 адам қаты­сады.
Шараның басты мақсаты – Қа­зақстанның жас көшбас­шы­лары – интеллектуалдық және рухани көшбасшылық туын  ұстаушыларға арнап оқыту, пікір­талас алаңын қалып­­тас­тыру. Жастардың мәдени кодын сәйкестендіру, қоғам­ға қыз­мет пен сананы жаңғырту құнды­лықтарын нығай­ту, жаһан­­дық әлеуметтік жауапкершілікті, жауапты белсенділікті, көш­бас­шылықты, иннова­ция­лық ой­лауды, жасам­паздық пен кә­сіп­керлік құзыреттілікті дамыту.
Форум аясындағы шара­лар Мемлекет басшысы Н.Ә.На­зар­баевтың «Болашақ­қа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдар­ламалық мақаласындағы жасампаз идеяларды халықаралық деңгейде насихаттау, сондай-ақ  Каспий маңы мемлекеттерімен жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Лагерьге қатысушылар 3 күннің ішінде түрлі форматтағы жобаларға қатысып, танымал тәлімгерлер мен бизнес жаттық­тырушы­лардың дәріс­терін тың­дайды. Сонымен қатар, Маң­ғыстау облысының әкімі­мен пікірталас та ұйымдас­ты­ры­ла­ды.
Халықаралық жастар форумына жұлдызды тәлімгерлер, танымал сарапшылар және биз­нес-жаттықтырушылар қаты­сады. Синергия (Ресей) бизнес мектебінің қазақстандық өкіл­дігінің директоры Бауыржан Қа­сымбергебаев, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешов, WAKE UP Technology бас директоры Асхат Әбжанов, «Yuframe» жобалық менеджері Расул Абдуллаев, «Алматы Менеджмент Университет» БМ ректоры Гүлмира Қорғанбаева, Еуразиялық интеграция инсти­тутының директоры Ғани Нығы­метов өз тәжірибелерімен бөліседі.
Лагерьден күтілетін нәти­же­лер: жастар көшбас­шылары санасының түрленуі, болашақ мүмкіндіктер мен трендтерді қабылдау аясының кеңеюі, жастар көшбасшыларының рухани құндылықтарды жетілдіру мен IV өнеркәсіптік төңкеріс салдарының сын-тегеуіріндер тізбегіндегі өзіндік орындарын айқындаудағы стратегиялық мүмкіндіктерді түсінуі, соны тә­сілдемелер, құралдар, бола­шақ көшбасшыларының жаңа құ­зы­рет­тіліктері, жобалық құ­зы­­реттіліктерді жасақтау, жаңа бай­ланыстар, жан-жақты стра­те­гиялық ойлау қабылеті қалып­тасқан көшбасшылармен бай­ла­нысу.

Маусымжан ДИҚАНБАЕВА,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру