Жаңа мақсаттарға жетелейтін құжат

0
39

ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіру мақсатында жуырда Атырау облысында діни бірлестік қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерімен жиын өтті. Басқосуға Атырау қаласына сапармен келген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев арнайы қатысты.
Жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкі­лі, «Иман­ғали» орталы­қ ме­шітінің бас имам­ы Б.Ман­сұров, «Приход Со­бора Успения Божией Ма­тери Уральской Епархии» шіркеуінің басшысы М.Со­колов, Римдік-католиктік Аты­рау Апостол әкімшісі Б.Дариуш, «Шапағат» қоғам­дық қорының директоры М.Тұрлыбеков, «Ақпа­рат» қо­ғамдық ұйымы­ның дирек­торы Г.Елешова, «Төртінші билік» қоғамдық бірлес­тігінің жетекшісі А.Адиева және басқа да діни бірлестіктердің, үкімет­тік емес ұйымдары өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында еліміздің одан әрі даму жолына мақсатты және айқын бағыттар қойылған, осы мақсатта жұмыла шешілетін міндеттерді өзара бірлікте атқару өте маңызды.
– Жолдау – жаңа мақсат­тарға жетелейтін бас­ты құжат. Президент өзі­нің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін қажетті міндеттерді нық сеніммен атап көрсетті. Осы Жолдауды біз ықыласпен қабылдаймыз, оның міндеттерін жүзеге асыруда күшіміз бен үлесімізді қосамыз, – деді Комитет төрағасы Е.Оңғарбаев.
Сонымен қатар, жиын барысында Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арнал­ған тұжырымдамасы негізінде әзірленген және қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің талқыланудағы «Діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы» Заң жобасындағы бірқатар маңызды мәселелер төңіре­гінде ой қозғалды.
Жиын соңында қатысушы­лар тарапынан қойылған сауалдарға дәйекті жауаптар берілді.

Мақсат АМАНГЕЛДІ

Жауап қалдыру