Жұмыскерлердің жанашыры

0
148

Кәсіподақ – жұмысшылар мен қызметкерлердің, қыз­метшілердің мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйым. Ол еңбек туралы заңна­малардың орындалуын, ең­бек­ті қор­ғау мен еңбек жағ­дайларын жақсартуға байланысты қо­ғамдық бақылау жа­сай­ды. Еңбек қа­тынастарына байланысты маңызы жоғары ұйым өткен жылы Қазақстан Республи­ка­сының «Кәсіподақтар туралы» Заңы­ қабылданып, қолданысқа енер тұста жұмыскерлер мүддесін заң арқылы қорғау жолында айтулы еңбек сіңірді. Бұл кәсіп­одақ ұйымының қыз­метін жаңа бағытта ұйымдастырудың қажеттілігін туындатты. Сонымен, өткен жы­лы еліміздің әр өңірінде Қазақстан Рес­публикасы Кәсіподақ федерациясы­ның ше­шімімен аумақтық кәсіподақтар бірлес­тігі құрыла бастады.
Қашанда игі істің басында жүретін жетісулықтар өткен жылдың қаңтар айында жаңа бастаманың көшін бастап, Алматы об­лыстық кәсіподақтар орталығын ал­ғаш­­қылардың бірі болып құрды. Ал, ақ­пан айында облыстық кәсіп­одақтар орталығының үйлестіру кеңесі құры­лып, оның жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар, үшжақты комиссияға об­лыстық кәсіподақтар орталығынан өкілдер бе­кітілді. Сол қатарда еңбекте жүрген әйел­дер мәселесі бойынша және жастар­мен жұмыс жүргізетін комиссиялар, кәсіподақ орталығының «Келешек» жастар қанаты құрылып, жұмысын бастады. Сондай-ақ, жұмыс ауқымын ширата түсу үшін өңірдегі саяси партия және қоғамдық бірлестік­тер­дің өкілдіктерімен қоян-қолтық жұ­мыс жасауға көшті. Демек, жаңа ор­та­лық құ­ры­ла сала ауқымды жұмыс­тарға бірден кірісіп кетті.
Бір жылда орталық 6 рет үйлестіруші кеңес­тің отырысын, семинар оқуларын өт­кізіп, нәтижелі жұмыс атқарды. Оған Қа­зақстан Республикасы Кәсіподақ­тар федер­ациясы төрағасының орын­басары Г. Жұ­ма­гел­диева, Қазақстан Рес­публикасы Кә­сіп­одақтар феде­ра­ция­сының оқыту орталығы директоры­ның міндетін атқару­шы М. Қажыкен жә­не оқыту орталығының лек­торы А. Пер­сенко шақырылып, 180 адамға заңна­малық тұрғыда кеңес берілді.
Сол ша­раларға кәсіподақтар комитетінің төр­аға­лары, есепшілер және кәсіподақтар мү­ше­лері қатысып, біліктілігін арт­тыр­ды. Оқыту жұмыстары еңбек заңна­ма­ла­рын түсіндіру, ұжымдық келісім­шарт­тарды жасау, әлеу­меттік әріп­тес­тік және кәсіподақтың басты рөл­дері, оны қаржыландыру жұмысы бойын­ша жүр­гізілді. Орталықтың жа­ны­нан қо­ғам­дық қабылдау кеңсесі құры­лып, бү­гін­ге дейін 32 адамның мәсе­ле­лерін ше­шуге мұрындық болды.
Облыстық кәсіподақ бірлестігінде орта­лық мамандарының білімін жетіл­діру жұ­мыс­тары да қолға алынып, осы жылдың ақ­пан айында облыстағы 15 кә­сіподақ мүшесі ҚР Президенті жаны­нан құрылған адам құ­қықтары жөніндегі комиссияның ұйым­дас­тыруымен өткен семинар-тренингке қаты­сып, кәсіподақ қызметіндегі жаңа бағыт­тар­мен таны­сып қайтты.
Жуырда 50 кәсіподақ мү­ше­сі Қазақстан Республикасы Денсау­лық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігі мен «Медиацияны дамыту орталығы» рес­публикалық қоғамдық бірлестігінің «Медиа­ция әлеуметтік еңбек даулардың алдын алу және рет­теу инструменті ретінде» атты семи­нар­ға қатысты. Сондай-ақ, бүгінгі таңда кә­сіподақтар ұйымын Қазақстан Рес­пуб­­ликасының «Кәсіподақтар туралы» Заңына сәйкестендіру негізінде әділет ор­гандарында тіркеу және қайта тір­келуі бойынша да жұмыс атқарылуда.
Облыстық кәсіподақ орталығы құ­рыл­ғаннан бері өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмысшыларды кә­сіп­одаққа тарту, кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқығын қорғау және кә­сіподақ жұмысын жаңдандыру бойын­ша қомақты жұмыстар атқарып келеді. Орталық өткен жылдың сәуір және мамыр айларында облыстың 15 еңбек ұжымында, оның ішінде «АСПМК-519» компаниясында кәсіподақтың рөлін насихаттау бойынша жиналыс өткізіп, алдағы жоспарларымен бөліскен бола­тын. Сон­да айтылған жоспарларға сай қазіргі уақытта үш облыстық салалық кә­сіподақ филиалы, яғни, тұрғын-үй ком­муналдық шаруашылығы мен құры­лыс қызметкерлері, мәдениет, спорт және ақпараттандыру саласы, ауыл­ша­руашылығы және өндіру қыз­мет­кер­ле­рінің кәсіподақтары құрылды.
Бұл қатарға кәсіподақ орталығына білім беру, денсаулық сақтау, теміржол, Қа­ру­лы Күштері, машина құрастыру, мұ­най-газ, энергетика, тау-кен өнеркә­сібі саласындағы қызметкерлерінің кәсіп­одақтары да кіретінін ескерте кетке­ні­міз жөн. Бұдан өзге өткен жыл­дан бері жергілікті атқарушы органдар, кәсіп­одақтар және өнеркәсіп басшы­ларының арасында өндірістік жұмысты бірыңғай қалыпқа келтіру және еңбек құқығын сақтау бойынша меморан­думға қол қойылып, ары қарай жұмыс жүргізілуде. Осыған орай, кәсіподақ орталығы, кә­сіподақ ұйымдары ұжымдық келісім­шарттардың бекітілуі және оның орын­далуы бойынша үнемі мониторинг жүр­гізіп, кемшіліктерді жойып, жақсы тә­жі­рибелерді үлгі етіп келеді.
Биыл 1-қаң­тар­дан бастап жаңа Еңбек кодексі кү­шіне енді. Қазіргі таңда жаңа Еңбек кодексін еңбек ұжымдарындағы жұмыс­шы­ларға түсіндіру бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні Еңбек кодек­сінде көрсетілген еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастарды реттеу бойынша облыс әкімдігі, «Алматы облыстық кәсіподақ­тар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және облыстық кәсіпкерлер палатасы арасында 2015 – 2017 жыл­дар­ға арналған үшжақты келісімшарт жасалды. Осыдан былай жұмысшы­лар­дың мүддесі осы шарт бойынша қор­ға­латын болады.
Жұмыс ауқымы күн сайын жүйелене түскен кәсіподақтар орталығы облыс­тың әлеуметтік-экономикалық дамуын­дағы барлық жұмысқа атсалысуда. Со­нымен қатар, ағымдағы жылы өткен мәжіліс және облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарының қатарында кәсіподақ орталығы мүше­лерінің болғаны аталған ұйымның елдің саяси өміріне дендеп араласа бас­та­ғанын ұғындырады.
Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Жар­лы­ғымен бекітілген Еңбек күніне орай кәсіподақтар ұйымдарының төраға­ла­ры мен мүшелері марапатталды. Биыл­ғы Еңбек күніне орай біршама шаралар жоспарлануда. Қысқасы, «Алматы об­лыс­тық кәсіподақ орталығы» аймақтық кәсіподақ бірлестігінің алдағы жұмысы ауқымды.
Әсет Қыдырманов,
Алматы облыстық кәсіподақ
орталығы аймақтық
бірлестігінің төрағасы

Жауап қалдыру