Жұмыс жоспарлы жүргізілуде

0
59

Республика көлемінде Алматы облысы экономи­калық жағынан аса ірі аграрлық өңір ретінде аграр­лық-индустриалдық аймақ мәртебесіне ие болды. Жалпы өңірлік өнімді өндіруде өнер­кәсіп, ауыл шаруашылығының үлесі уақыт өткен сайын молая түсуде. Сонымен қатар, көлік инфра­құры­лымдарындағы сүбелі табыстар ортақ мақсатқа мол үлес қосып отыр. Бұл орайда, көршілес Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан шекарасында орналасқан «Алтынкөл» теміржол стансасы мен «Қорғас» Шығыс қақпасы» құрғақ портының іске қосылуы аймақтың дамуына оң әсер етуде. Жетісуда құрылыс саласы да біркелкі әрі ырғақты даму жолына түскен.
Сондай-ақ кәсіпкерліктің негізгі тетіктерінің бірі болып табылатын шағын және орта бизнестің жергілікті жер­лер­де дамуы өнім өндіру ба­ғыттарындағы мақсат­тардың орындалуына сенімді жағдай жасауда. Мәселен, аймақта тұрақты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субьек­тілері қызметтерінің өркен­деуі нәтижесінде өнім өндіру тұ­рақты деңгейге жеткізілді. Өткен бес жыл ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі 38,3 па­йызға арттырылып, оның кө­лемі 2 млрд-тан астам тең­гені құрады.
Түрлі этностар мен түрлі комфессиялардан тұратынды­ғына қарамастан кәсіпкер­лер­дің құқығын қор­­ғау – біз­дің жұмысымыз­да­ғы бас­­­­ты міндеттердің бірі. Өт­кен мер­зім ішінде Палатаға 365 шағым келіп түсті. Оның ішін­де 194 өтініш оң нәти­же­мен шешілді. Сөйтіп, 2018 жылы бизнестің мүддесі 701,2 млн теңгеге қорғалды. 2014 жыл­дан бері Палатаға түс­кен арыз-шағымдарды тал­­дайтын болсақ, олардың 71,5 пайызы кәсіпкерлердің пай­дасына шешілген. Оған қоса, бизнесті дамытуда әкім­­шілік кедергілерді жою жұ­­мыстары да тиянақты ат­қарылуда.
Жергілікті атқарушы орган­­дар тарапынан шағын және орта бизнеспен айна­лы­суға ниет білдірген тұрғын­дарға көмек қолы дер кезінде со­зыл­майды. Кедергілер көп. Мәселен, қажетті жер учас­келерін бөлу, орналас­тыру бо­йынша арнайы байқаулар мен аукциондар уақытылы өт­кізілмейді. 2018 жылы 6 ау­данда бар-жоғы 10 бай­қау ұйымдастырылды. Кей кездері «ҚР Сәулет, қа­ла құрылысы жә­не құры­лыс қызметі тура­лы» Заңы­ның 17 бабы, 4 бө­лімі, 1 тар­ма­ғы­на сәйкес нор­ма жоба­лау ұйымдары әкім­ші­лік кедер­гі келтіріп, сыбай­лас жемқор­лық­тың белең алуына жол береді.
Сервистік қолдау аясында 2018 жылы 4286 азамат­қа 5074 қызмет көрсетілді. Бұл қызметтерді көрсету жү­йе­­лері толықтай автомат­тандырылып, кәсіпкерлердің 873 өтініші бойынша қолдау онлайн режимінде іс жүзіне асырылды. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті ұйымдастыруға ынтасы бар тұрғындарды ақпа­рат­тық жағынан қам­тама­сыз ету мақсатында 16 мыңға жуық азаматқа 19 500 қызмет жасалды. «Іскерлік байла­ныс­тар» жобасы бо­йынша оқуға 80 қатысушы қа­тысты.
Жаңадан қолға алынған «Аға сеньорлар» жобасы ая­сын­да шетелдік маман­дарды шақырту бойынша 9 өті­нім жіберілді. «Бизнес Өсу» құ­рамы бойынша 111 қаты­­су­шы арнаулы курстан өткі­зілді.
Қазіргі кездегі уақыт тала­бына сай кәсіпкерлікті жүр­гізу саласында жаңа­лық­тар мен өзгерістер өте көп. Осы­­ған орай, кәсіпкерлерге кеңес беру мен жобаларды сү­йемелдеу қорытындысы бо­йынша 971 адам кәсіпкерлік субъект ретінде тіркеліп, 107 кәсіпкер өз бизнесін кеңейтті. 1139 адам қаржыландыруға қол жеткізді. 2018 жылы «Бас­тау Бизнес» сабақтары бар­лық аудандар мен қала­ларда өткізілді. Онда білім алғандардың саны екі есеге ұл­ғайып, 3361 адам­ды құра­ды. Ұсынылған 916 жоба 2,5 млрд теңгеге қаржы­лан­ды­рыл­ды. Арасында қазақ, орыс, ұйғыр, дұңған т.б. ұлт өкілдері көп.
Ең жиі талқыланған сұрақ­тардың бірі – «Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоға­мы­ның облыстық филиалы­ның Алматы қаласында ор­на­­ла­суы. Өз кезегінде не­сие коми­тетінің отырысы және Ауыл шаруашылығын қар­жылай қол­дау қорының басқа да ше­шімдері тек Ал­маты қала­сында қабыл­дана­ды. Бұл Алматы және Тал­дықорған секілді екі өңірге орын тепкен аймақтар үшін тиімсіз. Өйткені, Алматы қала­сы маңында тұра­тын өтінім берушілердің кепіл мүлі­гінің құны облыстың шалғ­ай­дағы аудандарына қара­­ғанда өте жоғары. Осы­ған байланысты «Ауыл шаруа­шылығын қаржы­лай қолдау қорын» Талды­қор­ған қаласына ауыстыру жө­ніндегі ұсыныстар өз шеші­мін кү­туде.
Адами капиталды дамыту бойынша облыстағы 75 колледжде 33 мың студент бі­лім алуда. Оның 18,6 мыңы мем­лекеттік білім беру тапсырысы аясында тегін тех­ни­калық және кәсіптік білім берумен қамтылған. На­рық­тың сұранысына орай қажетті мамандықтар бо­йын­­ша мемлекеттік тапсы­рыс көлемін 35 пайыз­ға өз­гертуге тура келді. Бола­­шақ мамандарды оқы­ту­дағы үшжақты қызы­ғушы­лық есе­бінен соңғы жыл­дары кол­ледж тү­лектері арасын­да Жол кар­тасы қатысу­шылары­ның жұ­­мыс­қа орналасу үлесі өсіп ке­леді.
«Еңбек» мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында кәсіп­кер­лерге 26 оқу орталы­ғын ашуға қолдау көрсе­тілді. Оның ішіндегі кәсі­порын жанын­дағы 20 оқу орталы­ғында 852 жұмыссыз адам оқы­тылды.
Сатып алу саласында ке­дер­­гілерді азайту мақса­тын­да
Жергілікті құрамды бақы­­лау жөніндегі комиссия жұ­мыс істейді. Комиссия қыз­меті аясында 2018 жылы 8 оты­­рыс өткізіліп, 16 аудан­дық және 3 қалалық әкім­діктің, 7 сала­лық облыстық басқар­­­ма­­ның атқарған жұмысы жө­нінде есеп­тері тың­дал­ды. Отан­дық тауар өндірушілердің қа­ты­суымен 16 дөңгелек үстел ұйым­дастырылды. Ұсынылған отан­дық тауар өндірушілер ішін­де құны 3,143 млрд теңге бо­латын 18 келісім-шарт жасалды.

Нариман ӘБІЛШАЙЫҚОВ,
«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы
Алматы облыстық филиалының директоры.

Жауап қалдыру