Жүлдегерлерге құрмет

0
22

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызмет­керлері Алғыс айту күні аясында, ҚР ІІМ ТЖК жастар арасында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының VI-қысқы чемпионатына қатысып, жүрделі 2-орынды иеленген талды­қор­ғандық оқушылар мен Политехникалық колледждің студенттерін құттықтады, – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Чемпионатта 100 метрлік кедергілермен жолақты өту бойынша Талдықорған қаласының №14 орта мектеп-гимназияның 9 «ә» сынып оқушысы Мейір Байболат бірінші орынды жеңіп алды. Өрттен-құтқару спорты бойынша үш жыл бойы үздіксіз жаттығулардың арқасында Мейір жастар арасында Қазақстан Республикасынің екі дүркін чемпионы атанды.
Төтенше жағдайлар департамен­тінің қызметкерлері салтанатты түрде жарыстың барлық қатысушыларына грамоталар және бағалы сыйлықтар табыстап, болашақтағы жарыстарға жетістіктер мен жеңістер тіледі.
Бұл шараның дәл осы күні өтуінің символдық мәні бар. Осы күн республика Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілген болатын. Осы күні елімізге көптеген халықтар депортацияланған кезде елдің хал­қы бір бірін және қазақтарды шы­дам­шылық және қонақ жайлық көр­сеткені үшін ризашылығын білдіре алады. «Бұл күн барлық қа­зақстан­дықтардың бір-біріне қа­йы­рым­дылықтың, достықтың және сү­йіс­пеншіліктің жарқын мерекесі болуы мүмкін», – деді Елбасы.
Алғыс айту күнінің саналы маз­мұны жалпыұлттық, патриоттық «Мәң­гілік ел» идеясы құрамында қазақстандық құндылықтарды бей­не­леуге тиіс, қоғамдық сананы жетілдіруге, ортақ тарих пен тарихи жад негізінде қазақстандық бірдейліктің және бірлігін дамытуға және ны­ғайтуға шақырады.
Аталған мейрамды ұйымдас­ты­рудың идеялық мәні қазақ жеріне келген барлық этнос өкілдеріне қор­ған болған, туыстарындай қа­былдап, бауырмашылдық таныт­қан қазақ еліне деген ризашылық пен құрмет көрсету.
Мейрамның негізгі мағынасының бірі – «өзіңнің тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт» деген ойға саяды. Ал осы Күннің мақсаттарының бірі – өсіп келе жатқан азаматтарды толеранттыққа, бір-біріне жылышырай танытып, сыйлаушылық сезімді ұстануына тәрбиелеу және де Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық достықты нығайту.

Кәусар ИМАНЖАН

Жауап қалдыру