Үздіктерге – марапат

0
52

21 мамыр күні Алматыда мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып, өнер, білім салаларында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматтарға Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі Республикалық Кеңес тағайындаған «Қазақ өнерінің қайраткері», «Еңбек үздігі», «Білім беру саласының үздігі» атақтарын салтанатты табыс ету шарасы өтті.
Еліміздің бірқатар айтулы тұлғалары, өнер жұлдыз­дары, оқу-ағарту ісінің үздік­тері жиналған шараны кеңес төрағасы Марат Тоқаш­баев құттықтау сөзімен аш­ты. Жиын барысында Қазақ­станның халық әртісі, Қазақ­станның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ай­тулы әнші Нұрғали Нүсіп­жанов, көрнекті қазақ ақыны, драматург, аудармашы, саз­гер, тәуелсіз «Платиналық Тар­лан» сыйлығының лау­реаты, Түркі поэзиясы халық­аралық фестивалінің лауреаты Исраил Сапар­бай, күміскөмей әнші, халық­аралық «Шабыт» фес­ти­валінің лауреаты Есет Сә­дуақасов «Қазақ өнері­нің қайраткері» атағы­мен марапатталса, Алма­ты облысы Іле аудан­дық мәслихатының хат­шы­сы, көрнекті идеолог Ерболат Тұрымбетов, Л.Б.Гон­чаров атындағы Қа­зақ ав­то­мобиль-жол ака­демия­сының профес­соры Нұр­лан Сабралиев, декан орын­басары Гүлнар Бай­ма­ғам­бетова және тағы басқа еңбек ардагерлеріне «Ең­бек үздігі» төсбелгісі табыс етілді.
Мұнан соң еліміздің оқу-ағарту саласында жемісті қызмет атқарып жүрген тұл­ғалар, атап айтқанда: Абай атындағы Ұлттық Педа­го­гикалық университе­тінің про­­фессоры, фило­логия ғы­лым­дарының док­торы, Ұлттық Ғылым акаде­мия­сының академигі Бақтияр Сманов, заң ғылымы­ның кандидаты, профес­сор, кри­минолог, Крими­ноло­гия бо­йынша бірнеше оқу­лық­тар авторы Серік Бегім­баев, Фило­логия ғылым­дары­ның кан­ди­даты, Ка­наданың менедж­мент, АҚШ-тың Дельта универ­сти­тетінің құрметті профес­соры, Франция үкіметінің халық­аралық конкурсында «Француз тілінің үздік оқыту­шысы» атанған Гүл­нар Мұхаметқалиева, ҚАЖА-ның Шымкент қала­сын­дағы өкіл­дігінің директоры Қым­бат Нұрғазиева және тағы басқа да республикамыздың түкпір-түкпірінен келген ұстаз­дар еңбектерінің лайықты бағасы – «Білім беру сала­сының үздігі» медалімен марапатталды.
Салтанатты шара соңында өнер жұлдыздары ән шырқап, концерттік номерлерімен жи­налғандарға тарту жаса­ды. Артынша құрмет иелері ар­найы жайылған ақ дас­тар­ханнан дәм татып, жайдарлы көңіл-күймен тарқасты.

Жүсіп ЖҰБАТ.
«P&H»

Жауап қалдыру