Үздік мұражайға құрмет

0
30

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі өткен жылдың соңында республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газеті мен «Уақыт таңдауы» – «Выбор Времени» Агенттігінің бірлескен жобасы бойынша «Жылдың үздік мұражайы» аталымында жеңімпаз болып танылған болатын.
Алаш қозғалысының ас­танасы саналған Семей қала­сында таяуда өткен салтанатты шарада «Preezident & Halyq» газетінің бас ре­дакторы, профессор Ма­рат Тоқашбаев Абай­дың «Жидебай-Бөрі­лі» қорық-музейіне «Жылдың үздік мұражайы» арна­йы сертификатын тапсыр­ды. Ұжым атынан қорық-музей дирек­торы Болат Жүніс­бе­ков­ алғыс сезімін білдірді.
Абайдың «Жидебай-Бөрі­лі» қорық-мұра­жа­йы­ның 80 жылға жуық тарихы бар. Бүгінде қорық Қазақ­стан­дағы іргелі рухани-таным­дық орта­лық­тың бірі. Қазір мұнда 21 мыңдай жәдігер сақтаулы, оның 12 мыңдайы негізгі қор­ды құрайды. Ғылыми кі­тап­хана қоры – 14 мыңға таяу.
Жидебай мен Бөріліде (қорық алқабы – 6400 га) төл мәдениетімізді таны­та­тын 31 тарихи ескерт­кіш шоғыр­ланған. Абай­дың мұ­ра­жай-үйі, «Абай-Шә­кәрім» кесенелер кеше­ні, Би-ата мазары, Ақ­шо­қыдағы Құ­нанбай әулетінің қорымы мен Бөрілідегі Мұхтар Әуе­зовтің мұражай-үйі көп­шілік ерекше қастер тұтып, зиярат ететін киелі орындар.
Қазақ руханиятын ұлттық құндылықтармен сусын­­да­тып, отырған қо­рық ұжы­мы бұл жаңалықты үл­­кен қуанышпен қарсы ал­ды.

Жауап қалдыру