Туризм – экономиканың сенімді тірегі

0
57

Елбасының  бастамасымен өмір­ге келген  бес инсти­тут­ционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы  бір  мез­гілде  жаңа  тарихи  жағдайларда  ұлттың  дамыған мемлекеттердің  отыздығына кіру жөніндегі «100 нақты қадам» – жоспары  еліміз­дің  даму және одан әрі өркен­деу бағыттағы негізгі басым­­дық­тарды айқындап берді. Солар­дың  ішінде  бүгінгі күні  әлем  эко­номикасының  тірегі  болып  отырған  туризм саласына да ерек­ше маңыз  берілген. Бұл тура­лы Ұлт  жоспарының 57-ші қада­мында:«Туристік кластерлер құруда  үздік тәжірибесі бар  страте­гиялық  инвесторлар  тар­ту» деп  атап  көрсетілген.
Экономиканың бұл саласын дамыту жөнінде Елбасы облыста болған сапарында  да Жетісудың  аса мол  табиғи  ресурстарын  пай­­далана  отырып, туризмді жедел түрде  дамыту жөнінде нақ­­ты тапсырмалар   берген  еді.
Қазіргі кезде  облыста туризм саласын өркендету жөніндегі  туризмді дамытудың Мастер-жос­пары мен оны  іс жүзіне асыруға арналған іс-шаралар  жаса­луда.
Осыған сәйкес, жоспарда бел­­гі­ленген 110 шараның өт­кен  жылы 79-ы орындалды. Оның  17-і үстіміздегі жылы орындалмақ.  Жоспарлы түрде облыс­тың туристік өнімін ішкі және халықаралық туристік қыз­меттердің нарығында жыл­жыту мақсатында туристік ақ­параттық интернет портал құ­рылды. Сонымен бірге,  Facebook және Instagram әлеу­мет­тік желілерде арнайы  па­рақ­шалар ашылды. Өңірдің  турис­тік әлеуетін арттыру, оның бәсекеге барынша қабі­лет­ті  болуын  қамтамасыз етуге ар­налған көрмелер ұйым­дас­тырылды. Бұл шаралар Берлин, Мәскеу,  Алматы және Астана қа­лаларындағы  бірқа­тар  ха­лық­­аралық  туристік  көр­ме­лер­де таныстырылды.
Осы мақсатта  өткен жылы дәстүрлі Іле – Балқаш іргетасы, «Таңбалы» халықаралық  фес­ти­вальдері өткізілді.  Бүгінгі кү­ні бұл екі туристик  шара көпшіліктің үлкен сұранысына ие болды. Сондай-ақ, 2016 жы­лы облыс бойынша MICE-күн­тізбесі жасақталып, бе­кітілді.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және екі туроператор «Астана – ЭКСПО» ҰК» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.  Демек, облыс аймағындағы  табиғи, тарихи және  мәдени құн­дылықтарымен «ЭКСПО – 2017» қонақтары да таныса алады. Бұл бағытта  техно­логиялық картаға сәйкес  5 туристік  бағыт  әзірленді. Сөй­тіп, жетісулықтар  әлемдік ма­ңы­­зы зор шараға өзіндік үлес қос­пақ.
Жыл санап туристерді орна­ластыру жұмысы да ілгерілеуде. Мәселен, қазіргі уақытта бір мезгілде  туристік базалар 400-дей адам­ қабылдай алады. Көр­сетілген қызметтердің көлемі – 3,8 млрд.теңгеге жетіп, 1,5 есеге өсті.  Өткен жылы туристік ны­сандарда  жалпы саны 358 мың адам барып, облыстың көрікті жерлерімен, мәдени, тарихи құн­дылықтарымен танысып қайтты.
Туризмді дамыту бағы­тын­дағы негізгі факторлардың бірі – жол мәселесі.  Жасыратыны жоқ, автокөлік жолдарының сапасыздығынан демалушылар, немесе арнайы келушілер  туристік базаларға барудан бас тартып жатады.
Мұндай кемшіліктерді жою мақсатында Елбасының Ала­көл көлінің жағалауын дамыту бойынша берілген тапсыр­масына сәйкес ұзындығы 93,8 ша­қырым электр желілері тар­тылып,  24 шақырымдық авто­көлік жолын қайта жаң­ғырту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Алакөл ауда­нының орталығы Үшарал қаласындағы әуежай құры­лысы басталды. Алакөл демалыс ай­мағын дамыту үшін «Же­тіген – Достық – Жетіген» теміржол  қатынасы суб­си­дия­­ландырылды. Соның  нә­ти­же­сінде Алакөл ауданы бо­йын­ша ақылы туристік- сауық­тыру қызметтерінің көлемі 2,6 есе, қызмет көрсету көлемі 3,1 есе артты.
Бүгінгі күні облыс көлемінде экономиканы дамытудың негіз­гі салаларының бірі болып та­былатын туризмді өркен­детуде  бірқатар  ауқымды жұмыстарды іс жүзіне асыруға тура келеді. Олардың ішінде  Ақсу, Сарқан және Панфилов аудандарындағы туризм нысандарының жұмы­сын қалыптастыру,  Қарасай ауданындағы «Көктау» тау шаңғысы  кешенін салу жұ­мыс­тары бар.
Сонымен  бірге,  Райымбек ауданындағы «Қарқара» этно­ауылының және жыл бойы жұ­мыс істейтін «Қарабұлақ» ла­герінің құрылысы үшін ин­весторлар тарту мәселесі тұр. Кезінде емдік шипасы жа­ғы­нан әлемдік маңызға ие болған «Қапал – Арасан» шипа­­жа­йының жұмысын қайта қалпына кел­тіру басты назарға алынған.
Жамбыл ауданындағы «Таң­балы» мұражай кешені, Ұйғыр ауданындағы Шарын  шатқалы, Панфилов ауданындағы «Керім­ағаш» және «Жаркент Арасан» шипажайларына дейінгі авто­көлік жолдарын жасау күн тәртібінде тұр.
Алдағы уақытта облыс аймағындағы туристік нысан­дарды заңды түрде есепке алу жұмыстары қарқынды да жүргізілетін болады.
Бүгінгі күні Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, облыстың туристік әлеуетін  дамытуға бағытталған «Жетісу» ақпараттық порталы іске қосылды. Онда облыстағы аса көрікті жерлер, өте тамаша әрі тартымды туристік нысандар, тұрғын-жайлар туралы тың және мазмұнды ақпараттар топ­тастырылған.
Сондай-ақ, туристік нысан­дардың маңында орналасқан жатын орындар, бөлмелердің бағасы мен нөмірлік қордағы қонақүйлер,  сауда орындары мен ойын-сауық орталықтары, арнайы ұсыныстар мен жеңіл­діктер туралы ақпараттар бар.
Жер  жәннаты – Жетісу  өңірі асқар Алатау  мен  айдынды Алакөлге дейінгі қарағайлы, қайыңды, шыршалы таулар мен көмкерілген. Бетегелі, құй­қалы жазықтар мен құмында  құлан жортқан сексеуілді  сайын  далалары  тағы бар. Мәңгі мұздықтардан бастау алатын бұлақтары үлкен өзен­дерге айналатын арналары да жет­кілікті. Енді оған Қап­шағай, Балқаш, Алакөлді қосы­ңыз. Бұл  туған өлкеміздің турис­тік әлеуетін дамытудағы потен­циалының мол екендігін дәлелдей түседі. Жер жәннаты Жетісуда туризмді дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар.

Арқау ШАНТАЕВ,
Алматы облыстық
 туризм басқармасы
басшысының міндетін атқарушы.

Жауап қалдыру