Тоғызыншы застава тойтарысы

0
91

Көкек айы ҰҚК Шекара қызметі академиясының әсіресе төртінші курс курсанттары үшін маңызды оқиғаларға толы болды. ҰҚК Шекара қызметі академиясы мен ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институты бірлесіп өткізген үш күндік «Қалқан – 2018» әскери оқу-жаттығу жиыны болашақ шекарашы офицерлерді нағыз сын тезінен өткізді. Курсанттар мемлекеттік шекараны қаскөйлікпен бұзып өткен арандатушы топтың бетін қайтарды.
Шекара қызметі академия­сының Қараойдағы да­ла­лық оқуды қамтамасыз ету бас­қармасының оқу-жатты­­ғуға арналған атшапты­рым алаңында ұйым­дас­тыр­ған жиынға респу­б­лика­лық бұқара­лық ақпарат құ­рал­дары­ның өкілдері де қа­ты­сып, сайын даланың тө­сінде болып жатқан «шай­қас­ты» тамашалады. Таң­ ер­тең сағат 10.00-де бас­талған «опе­рацияны» академия бас­шысы полковник Павел По­ливанов бастаған білім ор­дасының басшылығы ба­қылады.

Мұнда шекарашылар ака­де­миясының 4-курс курсанттары мен Құрлық әскерлері институтының 3-курс курсанттары өздерінің шеберліктерін шыңдады. Осымен, үшінші жыл қатарынан ұйым­дастырылып отырған жиында курсанттар туған еліміздің мемлекеттік шекарасын бірлесіп қорғаудың әдіс-тәсіл­дерін көрсетті.
Сонымен, жиын өтіп жатқан жерге уақытында келіп жеткен журналистер оқиғаның барысын бақылаушы офицерлермен бірге биік төбенің үстінен жіті қадағалауда. Ал, төменде шекараны бұ­зып өткен қарулы топ N ше­­кара отрядының десант­тық-шабуылдаушы заста­­ва­сы күзетіп тұрған жа­уын­­герлік күзет постына ар­тил­лериялық соққы бере бас­тады. Осылай, жолы­на кесе-көлденең тұр­ған­дарды баса-көктеп өте шыққан қарулы топқа 9-ше­кара заставасының шол­ғыншылары қарсы тойтарыс беруге кірісті. Алай­да, шол­ғыншы шекара­шылардың да күші жеткіліксіз екені көп ұзамай белгілі болды. Бұл жолы да «жеңіске» жетіп, масайраған қарулы топты осы кезде шекарашыларға кө­мекке жетіп үлгерген 9-ше­кара заставасының жеке құ­рамы қарсы алып, оқтың астына алды. Қарсылас топ­тың минометшілері де дереу шекарашыларға қар­сы артиллериялық соққы жа­сау­ғ­а кірісті. Бірақ, бұл – ұзақ­қа созылған жоқ, мем­ле­кеттік шекара бұзыл­­ғаны туралы бірден құлақ­танған Бо­ралдай әуе базасы­ның МИ-8 тікұшақтар тізбегі қақтығыс болып жатқан жерге ұшып келіп, алды­мен шекарашылардың қарсы­лас­тарына өз ерік­тері­мен берілуге шақыр­ған үндеу па­рақ­шаларын тас­тады. Алайда «шекара бұзған­дардың» берілу тура­лы ой­лары жоқ екенін, олардың қаруларын көкке қарата ата бастағанынан-ақ белгілі болған соң ұрыс алаңына қайта оралған қос тікұшақ әуеден соққы беруге кірісті. Алдымен, әуе бомбалары, содан кейін отшашарлар жаудың екпінін бірден басып тастады. Осы сәтті ұтымды пайдаланған шекарашылар жауға қар­сы шабуылға шық­ты. Әуеден жасалған соқ­қыдан «есеңгіреп» қалған «шекара бұзушыларға» бұл да оңай тиген жоқ. Қатары селдіреп қалған қарсылас топ түтіннен жасалған шы­мыл­дықты пайдаланып, кері шегінуге кірісті. Ойлары – осылай ету арқылы шеп құрмақ болса керек. Бірақ әскери машиналарын толық іске қосқан шекарашылар олар­­дың бұлай етуіне жол бер­меді. Көп ұзамай, десанттық-шабуылдаушы заставасының сайып­қыран­дары жауды толық жойды. Сөйтіп, еліміздің мемлекеттік шекарасын заңсыз бұзып өткен мұздай қаруланған топтың ойы іске асқан жоқ.
Енді санаулы айдан соң Шекара қызметінің офицері атанып, шекараға аттанатын курсанттар шекара аумағына заңсыз енген қарулы топпен болған қақтығыста сасқа­лақтап, абыржыған жоқ. Керісінше, төрт жыл бойы алған білімдерінің жоғары дең­­гейде екенін асқан шебер­лікпен көрсетті.
Бұл туралы шекарашылар академиясының 4-курс курсанты Нұржан Умашев журналистерге берген сұх­батында былай дейді:
– Әрине, бізге берілген жауынгерлік тапсырманы орындау барысында біраз қиындықтар болды. Бірақ бұған біз төрт жыл бойы дайындалып келдік. «Қарулы қақтығыс» кезінде әскери әуе күштерінің әлеуеті де сыналып, курсанттар түрлі әскери техникалардың мүмкіндігін байқап көрді. Ұрыс алаңында барынша сақ қимылдау ар­қылы біз содырларға соққы беруге сақадай сай екенімізді көрсеттік деген ойдамын. Бағасын бақылаушылар береді.
Иә, болашақ офицер айтып өткендей, бүгінгі шара­ның бағасын тәжірибелі офицер­лер беретін болады. Ең бас­тысы, шекараны қаскөй­лікпен бұзып өткен қарулы топтың көзін жоюға арналған операция сәтті аяқталды. Бұл дегеніміз, курсанттардың шеберліктері шыңдалған, шекараға аттануға дайын екенін көрсетеді.

Т.ДӘУЛЕТБАЕВА,
запастағы подполковник.
Суреттерді түсірген сержант А.САБИЕВ.

Жауап қалдыру