Өткен жылғы жол-көлік оқиғасы деректері жарияланды

0
133

2018 жылы жол аппаттарындағы кісі өлімі екі есеге, 4 365-тен 2 096 адамға дейін қысқарды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.
Министрдің жауабына қа­рағанда, Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйы­мының деректеріне сәйкес Қа­зақстанда жол -көлік оқиғасында кісі өлімінің (4 365 адам) ең жоғары дең­гейі 2007 жылы тір­келген. Осы кезеңде 100 мың тұрғынға шаққанда Еуро­па елдерімен салыс­тыр­ғанда жол-көлік оқиға­сында қаза болған­дардың ең жоғары көрсет­кіш­терінің бірі болып белгілен­ген.
«Қазіргі уақытта 2007 жылмен салыстырғанда республикада 2018 жылы жол апаттарындағы кісі өлімі екі есеге 4 365-тен 2 096 адамға дейін азайды. Бұл ретте өлім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда көрсетілген кезеңде 17,7-ден 11,6-ға дейін төмендеді. Ресейде бұл көрсеткіш – 13, Қырғызстанда – 15, Румыния мен Болгарияда – 8, Еуропа одағы бо­йынша орташа алғанда – 5 жағдайды құрайды. Елі­мізде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыт­талған іс-шаралар кешені жүйелі түрде жүзеге асы­ры­лады. 2014 жылы «Жол жүрісі туралы» Заң әзірленді, ол барлық уә­кілетті органдардың, сон­дай-ақ жол жүрісі сала­сына тартылған жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің нақты жүйесін құруға мүмкіндік берді», – деп атап өтеді Қ.Қасымов.
Оның айтуынша, Заң­мен көлік құралдарын бас­­­қаруға рұқсат беру та­­лап­тары күшейтілген. Мы­­­салы «С» және «D1» кіші санатын алу үшін 21 жас­қа толған, кемінде 3 жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С1» санатына жат­қы­зылатын көлік құ­рал­дарын басқару өтілі бо­луы қажетті. Сондай-ақ «D» санатындағы көлік құ­ра­лын басқару құқығын алу үшін адамдардың жә­не жүргізушілердің өтілі 21-ден 25 жасқа және жүр­гі­зушінің жұмыс өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылған. Жүргізушілерді даярлаудың сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылданды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда емтихан қабылдау компьютерлік тестілеу ар­қылы және нәтижесіне ем­тихан қабылдаушының ық­палын болдырмайтын ав­­то­мат­­тандырылған ав­тод­ромдарда ұйымдас­тырылды. Емтихан тапсы­рудың барлық процесі бей­нека­мераға жазылады.

Жауап қалдыру