«Тіл – парасат» қалалық конкурсы өтеді

0
107

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 28 қыркүйек күні Наурызбай ауданы Шұғыла ықшамаудандағы №200 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында мемлекеттік тілді жетік меңгерген түрлі этнос өкілдері арасында «Тіл – парасат» қалалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсат-міндеттері: жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын арттыру, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Конкурсқа қатысушылар төмендегідей кезеңдер бойынша сайысқа түседі:

  1. Ұсынылған тақырып бойынша дайындықсыз ауызша тұсаукесер жасау (2-3 мин.);
  2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу (көлемі 1,5-2 бет, уақыты 35 мин.);
  3. Таңдап алынған билеті бойынша жұппен ауызша диалог құру (3-5 мин.);
  4. «Шабыт жұлдызы» қазақша ән орындау, би, күй немесе көркем шығармадан үзінді оқу (үй тапсырмасы, 3-5 мин.).

Қатысушылар ойды жеткізе білу шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін көрсетуі тиіс. Конкурс барысында қатысушылар берілген тапсырмаларға сәйкес алдын-ала әзірленген аудио және бейне материалдарды қолдануына болады.

Әр кезеңнен кейін қазылар алқасы өте төмен ұпай жинаған жекелеген қатысушыларды келесі кезеңдерге жібермеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Конкурстың жүлдегерлері мен қатысушылары арнайы дипломдармен, алғысхаттармен, сыйлықтармен марапатталады. Конкурс жеңімпазы Алматы қаласының атынан «Тіл – парасат» республикалық конкурсына жіберіледі.

 

Жауап қалдыру