Тегін азық-түлік тарататын дүкен

0
21

Ақмола облысының Целиноград ауданында аптасына бір рет тегін азық-түлік тарататын әлеуметтік дүкен жұмыс істейді.
«Мейірім» дүкені 2018 жылы мемлекеттік-жеке­ше­лік әріптестік бойынша «Ак­мол береке» серіктестігі аш­қан. Оған мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бір­лес­тігінің мүшелері, жеке кәсіп­­керлер, аудандық вете­ри­нария бөлімі үлес қосқан. Дүкен ашылған­нан бері мұндағы азық-түлік ба­ға­сы бірде бір рет көтеріл­меген.

«Аптаның әр жұма күні ау­данның мұқтаж жан­дарына 200 бөлке нан тегін беріледі. Бұдан бөлек, әлеуметтік жағы­нан аз қамтылған 50-ден астам адамға апта­сына бір рет азық-түлік өнім­дері са­лынған себет тегін тара­тылып отырады», – дейді «Мейірім» серіктес­тігінің ди­рек­торы, Целиноград ау­­да­нындағы «Болашақ» мүм­­кіндігі шектеулі жандар­дың қоғамдық бірлестігінің төра­ға­сы Амангелді Қапа­нов.
Дүкен иесінің айтуынша, сауда орнында мүмкіндігі шек­теулі жандар мен мүге­дек балалардың ата-ана­лары жұмыс істей­ді. Алдағы уақытта дүкен ма­ңынан әлеуметтік дәрі­хана ашу жос­парда бар. Он­да да мұқ­таж жандарға дәрі-дәр­мек 30 пайыз жеңіл­детілген бағамен босаты­ла­тын бола­ды.
Бұдан бөлек, Қосшы, Қоян­ды, Талапкер және Қараөт­кел ауылдарында осындай 4 әлеуметтік дүкен ашу жос­парланып отыр.

Аслан ОСПАНОВ

Жауап қалдыру