Татулық – тұрақтылық негізі

0
174

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен биылғы жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті Қазақ жерін пана тұтып, қазақ халқының айналасына шоғырланғаны белгілі. Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен елімізге өзге ұлыс өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүруі маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты ұлтына бөліп-жармай, біртұтас Қазақстан қоғамын қалыптастыруды мақсат тұтып, 1992 жылы алғаш рет Ассамблея құру туралы идеясын қалың көпшілікке жариялады. Идея ірі мақсатқа ұласып, 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Биыл ұлтаралық татулық пен қатынасты, біртұтас қоғам құру мен түсіністікті басты шарты еткен Ассамблеяға – 20 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз идеясы әлем үшін үлгі болып, жеке дара «қазақстандық бренд»ретінде танылды.

Динар НӨКЕТАЕВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры

Бүгінде Елбасының этно­са­ра­лық толерант­ты­лық пен қоғамдық келі­сім үл­гі­сін әлем назарына алып, оны тынбай зерттеп келе­ді. Қа­зақ­стан­дық үлгі Бі­рік­кен Ұлттар Ұйымында, Копен­гагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халық­ара­лық форумдарда таныстырылып, оң ба­ғаға ие болды. Еуро­па­дағы қауіпсіз­дік жә­не ынты­мақ­тас­тық ұйы­мы­на қа­ты­сушы 56 мем­ле­кеттің ті­лі­не аударылды.

«Көрші ақысы – құдай ақы­сы» деген ұстанымы берік қа­зақ хал­қы көршісімен тату-тәт­ті өмір сүре отырып, бүтін бір ел­ді ын­тымақ пен бірлікке ша­қы­рып ке­леді. Осы ымыра­шыл­дық әлем ел­де­рі­не Қазақстан хал­қы Ас­сам­блеясының қызметі ар­қы­лы ке­ңінен насихатталып, бей­біт­ші­лік­тің бастамасы ұғы­мын­да айқын көрінді.

Қазақстан халқы Ассам­бле­ясы мен оның құрылым­да­ры­ның мәртебесі, этносаралық қа­ты­нас­тар субъектілері жұмы­сы­ның елі­міз­де жүргізіліп келе жат­қан саяси бағытпен үндес жа­ңа жүйе­сі 2008 жылғы 20-қа­зан­да Қа­зақ­стан Республи­ка­сы­ның «Қа­зақ­стан хал­қы Ассамблеясы туралы» Заңы ар­қы­лы беки түс­ті. Мем­ле­кет­тің қа­лып­тасу ке­зеңінде басты міндет – этно­сара­лық тө­зім­ді­лік пен келісім негізінде қо­ғам­ды ұйыс­тыру болса, ел дамуы­ның жа­ңа кезеңінде ортақ құн­ды­лық­тар мен қағидат­тар жүйе­сі­не негізделген Ұлт Бір­лі­гі­не жету болып табылады. Сон­дық­тан 2010 жылы сәуірде аза­мат­тық қоғам мен мем­ле­кет­тік институттардың, танымал тұл­ға­лар­дың сындарлы ұсы­ныс­тарын жинақтаған Қа­зақ­стан­ның Ел Бірлігі доктринасы қа­был­данды. Ел Бірлігі доктринасы – бір­тұ­тас­тық­тың, бола­шақ­қа бірігіп ұмты­лу­дың сер­пін­ді кө­рі­нісі іспеттес.

«Береке басы – бірлікте» де­ген қазақ халқы. Қазіргі Қа­зақ­стан қоғамының жа­ңару жолымен тиімді дамуы ең алдымен елдегі саяси тұрақ­ты­лық пен ұлтаралық түсі­ніс­тік­ке байланыс­ты. Осы ма­ңыз­ды рухани факторды жүзеге асыруда тікелей қызмет істейтін ұйым Қа­зақ­стан халқы Ас­сам­блея­сы­ның негізгі мақ­са­ты – көп­эт­нос­ты мем­ле­ке­ті­міз­ді өзара тату­лық, әлеу­мет­тік ке­лі­сім, ді­наралық түсі­ніс­тік жә­не қа­зақ­стан­дық патриотизм рухында тәр­биелеу. Сонымен қатар, Қа­зақ­стан хал­қы Ас­сам­блея­сының жылы елі­мізде тарихи жыл­ға ай­налмақ. Бұл жыл мемле­кет­тік дең­гей­де ма­ңы­зы зор мерейтой­лар­ға толы. Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев өз Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлық­тау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғы­сы­нан мерейлі белестер жылы. Қа­зақ хан­ды­ғының 550 жыл­ды­ғын, Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жыл­дығын, Ұлы Жеңістің 70 жыл­дығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жа­ңа Қа­зақ­стан­дық Патриотизмді ұр­пақ жадына сіңіруде айрықша рөл­ге ие» деп ерекше атап көрсет­ті. Бұл жыл Жаңа қазақстандық патриотизм моделін нығайтатын, ұрпақ тәрбиесінде ерекше рөл­ге ие болатын жыл болмақ.

Мемлекеттің бір бөлшегі, бір­тұ­тас қоғамды құруға атсалысатын, болашақтың алтын кіл­тін иеленетін саналы ұрпақ тәр­биелеуге ауқымды үлес қо­сып келе жатқан ұстаздар ұс­таханасы – Қазақ мемлекет­тік қыз­дар педагогикалық уни­вер­си­теті де бұл маңызды шара­лар­дың ешқайсысынан да қалыс қал­майды. Мемлекеттің тыныс-тір­ші­лігі, қайнаған өмірінің кіш­кентай көрінісі біздің киелі ша­ңы­рағымызда өтіп жатыр. Арман қуып әсем Алматыға аяқ басқан қаракөздер Арулар ордасына табан тіреп, сапалы білім алып, білікті маман болып шығып жатқандарына, мі­не – 70 жылдан асты. Қа­зақ­тың ғана емес, қырғыз, өз­бек ағайын­дардан бастап, ұй­ғыр, тә­жік, күрд, орыс, украин, кә­ріс секілді көптеген ұлт­тың ті­ле­гі бір қыздарына – Қыздар уни­вер­ситеті тірекке айналды. Қа­зақ­стан Елбасының бас­шы­лы­ғымен Қазақ мемле­кет­ті­гі­нің көп­ға­сырлық дәстү­рін жал­ғас­тыра отырып, тарихи өл­шем бойынша қысқа мерзім­де жа­һан­дық өзгерістің орасан зор жолын жүріп өтті. Сан тарапты тран­зит­тік жағдай барысын­да ха­лық­аралық қо­ғам­дас­тық­қа та­ныл­ған, бел ортасында заң­ды түр­де Қазақстан хал­қы Ассамблея­сы тұрған бей­біт­ші­лік пен ке­лісімнің бірегей мо­де­лі құ­рылды. Бүгінде Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касы қуатты нарық­тық экономикасы мен да­мы­ған аза­мат­тық қоғамы бар, 100-ден астам этнос өкілдері бірлік пен ке­лі­сім­де өмір сүріп жат­қан, қа­лып­тасқан демократия­лық мемлекетке айналды. Осының бар­лы­ғы жаһандық саяси әрі эко­но­ми­ка­лық дамудың өзек­ті тен­денциялары мен тренд­те­рін қа­пер­де ұстайтын Елбасы­ның сарабдал да салиқалы әрі кө­ре­ген саясатының арқасында мүм­кін болды. Ассамблеяны ин­сти­тут­тық нығайту бойынша биылғы жылы атқа­рыл­ған жұ­мыс­тарды қорытын­ды­лап, Мемлекет басшысы «Қазақ­стан хал­қы Ассамблеясының жылы» деп жариялаған 2015 жылы мем­ле­кет­тік этносаясатты одан әрі жетіл­діру және Қазақстан хал­қы­ның бірлігін нығайту жө­нін­де­гі негізгі міндеттерді ай­қын­дап берді. Бұл біздің ай­қын бағ­да­рымыз болмақ. Әр­қа­шан­да­бір­лік пен татулықты сақ­тау­ға, алауыздыққа жол бермеуге ша­қыр­ған Қазақ Елі «Бақыт қайда ба­расың, ынтымаққа барамын» деген әйгілі сөзін қал­дыр­ған. Сон­дықтан Елбасы айт­қан­дай, «біздің туымыз – бірлік» болуы керек. Тәуелсіз Қазақстан­ның аспаны мәңгі бейбіт болсын. Же­рі­міз­ден құт-береке қашпай, ұлт пен ұлыстың достығы артып, татулығымыз таси берсін!

Жауап қалдыру