Тарифтің төмендеуінен қанша қаржы үнемделеді?

0
91

ҚР Ұлттық экономика министрлігі коммуналдық тарифтердің төмендеуіне қатысты нақты есепті жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұ­ман­ғариннің айтуынша, ағым­дағы жылы 20 жел­тоқсанға дейін бірқатар өңірлерде коммуналдық тарифтер төмендетілді.
– Мәселен, Ақмола облысында жылудың бағасы бір шаршы метрі үшін 116,1 теңгеден 73,4 теңгеге (36,8%) түсті. Сол сияқты Жамбыл облысында сумен жабдықтаудың құны бір текше метрі үшін 52,3 теңгеден 40,8 теңгеге (22%) арзандады. Бұдан бөлек, электрэнергия, газ бен суды бұру қызметтері де біршама төмендеді. Ал келесі жылдан бастап барлық ай­мақтардың тұрғындары ком­муналдық тарифтердің ар­зандағанын байқайтын бо­лады. Осылайша, Алма­ты қаласында орташа ауданы 60 шаршы метрді құрайтын екі бөлмелі пәтердің қазіргі төлемақысы 14 483 теңге болса, келесі жылдан бастап аталған төлем 13 128 теңгеге тө­мендейді. Сөйтіп, бір айда 1 353 теңге үнемделеді. Сол сияқты Астана қала­сын­да екі бөлмелі пәтердің коммуналдық төлемдері 10 666 теңгеден 9 604 тең­геге дейін түседі, – деді С.Жұманғарин Үкімет үйін­де өткен баспасөз мәс­ли­xатында.
Оның сөзіне қарағанда, Шымкент қаласында пә­тер иелері 1 340 теңгені үнемдесе, Ақтөбенің тұр­ғын­дары 1 068 теңгені өз­деріне қалдыра алады. Өскемендіктер – 313 тең­гені, тараздықтар – 806 теңгені, оралдықтар – 1 035 теңгені, қызылордалықтар – 865 теңгені, ал Петропавл қаласының тұрғындары екі бөлмелі пәтердің ком­му­налдық қызметтерін 383 тең­геге аз төлейді.

Арман АСҚАРОВ

Жауап қалдыру