Тағылымды бастама табысқа жетелейді

0
49

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау, осы негізде алда атқарылатын сан салалы жұмыстарға жаңа көзқарас, тың серпін беру мақсатында Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаевтың төрағалығымен өткен алқалы жиында ардагерлер, қалалық мәслихаттың депутаттары, Текелі қаласының Құрметті азаматтары, мекеме, кәсіпорын басшылары, мұғалімдер, бизнес өкілдері, жастар мақаладан алған әсерлерін ортаға салып, оралымды ойларымен бөлісті.
Ұлт көшбасшысы елі­міз­дің еңсесін тіктеп, мем­ле­ке­ті­міз­дің мерейін асы­ру жолында ешқашан іркіл­ген емес. Күр­делене түс­кен әлем­дік да­мудан өз орнымыз­ды ай­қын­дау мақсатында қа­зір­гі нақты жағ­дайларды жан-жақты па­йымдап, елдің ал­да­ғы қадамдарына тың серпін беруде. Әсіресе, ұлт­тық бітім-болмысымыз­ды сақтап, бабалардан бізге жет­кен дәс­түрлерді жаң­ғырту, ша­руашылықтағы та­рихи тә­жі­ри­белерімізді бү­гінгі да­мы­ған технология­мен түр­лен­діріп, елдің игі­лі­гіне қызмет еттіру, елімізді шикізаттық елден өңдеуші, өндіруші елге айнал­дыру жолында бар қажыр-қайратын салып келеді. Соның тағы бір жарқын дәлелі Елба­сы­ның жақында елге жол тартқан «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақаласы екенін атап өткен Б.Өнербаев: «Шынды­ғында, біз тарихы терең, рухы берен, көрегендігі кемел ұлттың оғланымыз. Президент саралап, санамалап айтқан әрбір дерек, дәйек сан ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап, өркениетке ұласуда. Жылнамалар қойнауынан жеткен асылдарымыз арғы тегіміздің қасиетті тамыры құнарлы, нәрлі екендігін айғақтайды. Ағаш тамырымен мықты болатынындай адам да терең тарихымен тыныстап, шыққан тамырын білетін болса, мәуелі бәйтеректей жай­қалады. Діңі мықтының рухы да биік» – деді.
Қала әкімі мақалада ай­тыл­ған негізгі ойды жан-жақты зерделеп, ұлт­тық құндылық, тарихи тағы­лым­дарымызды, мол мүм­кін­діктерімізді ха­лық­тың қа­жетіне айналдыра білу­дің көкейтестілігіне ма­ңыз берді.
Осы орайда Текелі қа­лалық «Шарапат Сауап» қоғамдық қорының төра­ғасы Файзолла Бүр­кітбай қазақ халқының жылқы түлігін тіршілікке өте шебер пайдалана біл­генін, жылқыға тек көлік емес, сенімді се­рік ретінде қарағанын, ат әбзелдерінің қажетке қа­рай ыңғайлы, салтанатты түрлерін ойлап тауып, бүгінгідей ұшқыр көліктер болмаған кездің өзінде құс қанаты талатын ұлан-ғайыр даламызды еркін еңсергенін мақтанышпен жеткізді. Халқымыздың жылқы туралы «Мінсең – көлік, кисең – киім, ішсең – сусын» деген бірауыз сөзінің мәніне терең бойлап, ат айналасындағы ата кәсіп, салауатты салт, тілдік қор бүгінгі ұрпақ үшін де мол қазына екенін ерекше атап өтті.
Текелі қаласының Құр­метті азаматы Лариса Сар­жевская халқымыздың тас­қа басқан өрелі мәде­ниеті туралы өзі жинаған нақты деректерге көпшілік назарын аударды. Тек Жетісу жерінің өзінде таң­ға­жайып жәдігерлер мо­лы­нан сақталғанын алға тартып, өскелең ұрпақты осынау шұғылалы тарихымызды жан-жақты ашып, терең зерттеуге бастаудың маңызы мен мәніне тоқ­талды.
Қилы замандарды басынан өткерсе де түңкелі топырағына, алтын құмына жасырып бағзы дәуір­лердегі өркениетті қала­лары­мыз­дың мәдениетін бүгінге жеткізген ұлы түркі жұр­тының қара шаңы­рағы – қазақ даласы сол дархандығымен дара екенін тілге тиек еткен қалалық «Текелі тынысы» газетінің бас редакторы Торғын Тұрлыбаева далалық дәстүрлер мен қалалық мәдениеттің қос тізгінін тең ұстаған хал­қы­мыздың батыр­лығы мен ақылдылығы, жасампаз еңбекқорлығы біздің бойы­мыз­ға таусылмас күш-қуат беретініне сенім білдірді.
Ардагерлер ұйымының мүшесі Гүлнұр Омарова бү­гінде тұтас адам баласы білетін және тамсана қа­былдайтын қызғалдақ пен алманың Отаны қазақ жері екенін сезіне білудің өзі ұлттық сүйіспеншілікті еселей түсетін патриоттық күш екенін әдемі әспеттеді.
Мақаланың басты мақ­саты – ұлттық құнды­лық­­тарымызды ұлықтай оты­рып, оны елдің, болашақтың игілігіне айналдыру болған­дықтан, сан салалы кәсіпті игеріп, бірегей отандық өнім­дерді танымал етуге еңбектеніп келе жатқан кәсіпкерлеріміз де осынау ортақ мұрат жолында үлес қосатындықтарын білдірді. Айта кетерлігі, жеке кісіпкерлер мен кәсіпорын бас­шылары Елбасы Жолдауында айтылған ең төменгі жалақыны 1,5 есе ұлғайту тапсырмасын мүлтіксіз орын­дайтындықтарын, ол алдағы жылы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатынын жеткізді.

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Жауап қалдыру