Тәуелсіздік күніне орай марапат

0
112

Талдықор­ғандағы Б. Римова атындағы драма театрында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында облыстың 60-тан астам азаматына мемлекеттік наградалар тапсырылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Еліміздің Әнұранымен бас­талған жиын одан әрі об­лыс әкімінің құттықтау сөзімен жалғасты.
– Еліміздегі ең қастерлі мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл күн – бабалар арманы ақиқатқа айналған, азаттыққа қол жеткен ұлы күн. Ширек ғасыр ішінде Президентіміз бен халқымыздың жасампаз еңбегі арқасында, біздің еліміз – әлемге та­нылған, қуатты мемлекетке айналды. Биыл бас қаламыз – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Айтулы шараға орай, Жетісу жұртшылығы бас қалада «Жетісу» саябағын жаң­ғ­ыртты. Жетісу өңірінде сая­бақтар, бірқатар өндіріс орын­дары, ал Талдық­орған қа­ласында Астан­а даң­ғылы салтанатты түрде ашылды. Елбасының Жар­лы­ғымен Райымбек ауданы бөлініп, Райымбек және Кеген аудандары құ­рылды. Бұл шекаралық ай­мақта ораласқан тұрғын­дар­дың көптен күткен тілегі еді, сондықтан да жақсы жаңа­лықты облыс тұр­ғын­дары ерекше қуаныш­пен қарсы алды. Бұл жаңа­лық шекаралық аймақ эконо­ми­ка­сының дамуына жаңа серпін беріп, халықтың болашаққа деген сенімі нығайып, ел туған жерге қайта орала бастады, – деп атап өтті облыс әкімі А. Баталов.
Еліміздің жетістіктерін еселеуде Алматы облысы тұрғындарының үлесі бар екенін айта отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталды.

– Аталған жұмыстардың бәрі тәуелсіздік алған жыл­дардағы Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баевтың салиқалы сая­саты мен ел экономикасын әртараптандыру бағытын­дағы қажырлы еңбегінің нәти­жесі деп білемін. Со­ның нақты айғағы бүгінгі салтанат­ты жиында Алматы облысының 65 азаматына мемлекеттік награда тапсырылады, – дей келе облыс әкімі А. Баталов марапаттау рәсімін атқарды.
Жалпы саны 65 азамат «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері­мен, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медаль­дары­мен, Қазақстан Респуб­ликасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қа­зақ­стан Республикасы Пар­­ламенті Мәжілісінің де­пу­таты Зағипа Балиева, Қазақстан Республикасы Ұлт­тық Қауіпсіздік Коми­те­тінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Сәбит Құрманәлиев, «Akniet Group» серіктестігінің техникалық директоры Сақ­таған Әбіләзімов, «Же­тісу» әлеуметтік-кәсіп­кер­лік кор­порациясы» АҚ қыз­мет­кері Омар Қасым­беков «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды.
Сонымен қатар мемлекеттік марапат алғандармен қатар сахна төріне «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз» және басқа да байқаулардың жүлдегерлері атанған кәсіпорындар жетекшілері шақырылды. Оларға құттықтау тілегін білдірген облыс басшысы А. Баталов:
– Сіздер біздің облыстағы кәсі­порындардың көшбас­шысы деп білеміз. Өзгелер сіздерге қарап бой тү­зейді. Бір ғана жылдың қоры­тын­дысында өңірде өндіріс пен бизнесте 11 номинация бойынша жеңім­паздардың шығуы – зор жетістік. Алда үлкен міндеттерді бірлесіп атқара берейік. Жеңістеріңіз құтты болсын! – деді.
Марапат алғандар атынан белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы, «Текелі ГМЗ» ЖШС директоры Геннадий Савинов және «Жетісу» телеарнасының бас директоры Бейсен Құранбек сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтап, тілектерін жеткізді.
Шара соңы мазмұнды концертпен аяқталды.

Жауап қалдыру