Тұрғындар қауіпсіздігіне қырағылық

0
93

Көпті күттірген жаз маусымы шықса болды барлық жұрт табиғат аясына демалуға асығады. Біреу суға түссе, біреу таулы-орманды жерге серуен құруға әуес. Бірақ көп жағдайда сауық-сайран құрып қауіпсіз­дік шараларын ұмыт қалдырамыз. Нәтижесінде жасөс­пірімдердің суға кетуі, орманды алқаптағы өрт секілді қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде судағы қауіпсіздік пен орман және дала өрттерін алдын алу және жою бойынша брифинг өтті.
Спикерлер ретінде Атырау об­лысы Төтенше жағдайлар де­пар­таменті бастығының уа­қыт­ша міндетін атқарушы полков­ник Замир Бердашев және Атырау облысы Төтенше жағ­дайлар департаменті бастығы орын­басары азаматтық қорғау подполковнигі Рашид Біләлов шықты. Брифингте бұқаралық ақпарат құрал­дарының журналис­тері қатысты.
«Суға шомылу кезеңі шілде айында қыза түседі, өкінішке орай сәуір айының соңынан бастап, Атырау облысы аумағындағы су айдындарында 6 адам қаза тапты, – оның барлығы да жасөспірімдер. Қазіргі уақытта тұрғындар абайсыздық танытып, су айдындарындағы қауіпсіздік қағи­даларын сақтамау салдарынан осындай қайғылы оқиғалар орын алуда», – дейді Замир Амангелдіұлы.

Оның ай­туы бойынша орын алған жағ­дай­лар бірінші кезекте ересектерге судағы қауіпсіздік шараларын тағы бір мәрте ескертуді талап етеді. Себебі судағы өзін-өзі ұстау әрекеті, оған қоса, бала­лардың тағдыры үлкендердің жауапкершілігінде. Су айдын­дарына демалысқа шығар алдында ол жерге суға түсуге арналған ба, жоқ па сол жөнінде ойлау керек. Таяз судың өзі қауіпті екенін ұмытпауы тиіс.
Күн сайын департаменттің, «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ және Атырау облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі және ҚР ҰҰ 5546 әскери бөлімі қызметкерлерімен бірлескен түрдегі рейдтік шаралар атқарылуда. Құтқарушылар 1 маусымнан бастап күшейтілген кезекшілік атқару түріне көшірілді.
Сондай-ақ, су айдынындағы қауіпсіздікті қамтамсыз ету бағыт­тындағы үгіт-насихат жұмыс­тарының тиімділігін арттыру мақсатында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшесімен мектептерде онлайн сабақтар өткізіп, облыстық газеттерге мақалалар, телеарналардың жүгіртпе жолына облыс тұрғындарының судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы жөнінде ескертулердің жариялануы жалғасуда.
Бүгінде төтенше жағдайлар депар­таменті қызметкерлері «БӨАЖҚЖ» ММ және Жергілікті полиция қызметі қызмет­кер­лерімен бірлескен су айдын­дарында, яғни жергілікті тұр­ғындардың жазғы мезгілдегі бос уақыттарын демалатын орын­да профилактикалық рейд­ттік шаралар жалғасуда. Бірақ, ересек­тердің нем­құрайлығы, бала­лардың ұйымдастырылмаған және бақылаусыз суға шомылуы елеулі қауіп төндіреді. Суға кетудің басты себебінің бірі белгі­ленбеген жерде суға шомылу болып табылады. Профи­лак­тикалық іс-шараларға қара­мас­тан қала тұрғындары суға түсуге тыйым салынған жерлерде дема­лады, сонымен қатар спирттік ішімдіктерге әуес. ТЖД және Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері профилактикалық әңгімелесу кезінде тұрғындардың «Мен өмір бойы осында тұрамын және суға түсіп жүрмін» деген сөздерін жиі естиді. Осыған байланысты апта басынан жергілікті полиция қызметі қыз­меткерлері тарапынан ҚР «Әкім­шілік құқық бұзушылық» туралы 364-бабы бойынша ескертіліп, 16 хаттама толтырылды, қала тұрғындарына суға түсу қауіп­сіздігін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексіне сәйкес, бірлескен рейд барысында Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені ескертілуде.

Мұнан бөлек, облыс су айдындарының жабдықталмаған және қауіпті учаскелерінде бүгінгі күнде 116 «Суға түсуге тыйым салынады» белгілері орнатылды (Атырау қ. – 84, Жы­лыой ауданында – 10, Индер ауданында – 7 , Махамбет ауда­нында – 15). Құтқарушылар бала­лар лагер­лерінде, мектеп­терде, еңбек ұйымдарында, ауру­ха­налар­да, ха­лық­қа қызмет көрсету орын­дарында және басқа да адамдар көп жиналатын орын­дарда судағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулық шараларын өткізуде.
Өртке қауіпті маусым бастал­ған­нан Орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша іс-шаралар жоспарына сай азаматтық қорғау органдары, жергілікті полиция қызметі және орман шаруашылығы қызметкерлерімен 5 бірлескен рейдттік шығулар ұйымдастырылды.
Дала және орман өрттерін ерте анықтау мақсатында Депар­таментпен ғарыштық мони­торинг бойынша қызметтерін көрсету үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық Компаниясы АҚ-мен шарт жасалды (2017 ж. ғарыштық мониторинг бойынша 2448 түсірілім берілді).
Жергілікті атқарушы орган­дарымен дала өрттерін сөндіру үшін ауылдық округтерде 1065 адам құрайтын 89 ерікті өрт сөндірушілер жасақтары құрылған. Аталған құрылымдар 6 автоцистерна, 84 мотопомпа, 129 бейімделген техникамен қамтылған (су тасу көліктері, тракторлар).
Дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимылдарды пысықтау және жетілдіру мақсатында 18 мамырда Маңғыстау облысы ТЖД бірлесіп, дала өрттерін сөндіру бойынша «Дала өрттерін жою кезінде жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды ұйым­дас­тыру және төтенше жағ­дай­лар кезінде лауазымды тұлға­лар­дың әрекеттері» тақыры­бын­да оқу-жаттығулар өткізілген бола­тын.
Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылықтары мекемелерімен адамдардың көп жиналатын орын­дарына өрттердің алдын алу және табиғатты қорғау тақыры­бын­да 22 ақпараттық аншлагтар (20 билборд, 2 баннер) ілініп, 590 жадынамалар шығарылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 256 шығу ұйымдастырылды (25 телидидар, 110 радио, 121 мақала). Атырау қалалық әкімшілігімен өрт қауіпсіздігі туралы бейнеролик шығарылып, жергілікті телеканал және қала аумағында орналасқан жарнамалық экрандар арқылы көрсетілуде.
Өрттің алдын алу мақсатында 10 мыңнан астам тұрғын үй араланып, тұрғындармен 72 жиын мен жиналыс және мекемелермен 8 дөнгелек үстел өткізілді. Аталған шаралар барысында 19 мың адам қамтылды. Білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігі бағытында 22 интер­активтік сабақ, 14 конкурс және 2 байқау өткізілді.
Брифинг барысында журналис­тер спикерлерге сұрақтар қойып, барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Ботагоз  СЕЙТКАМАЛОВА

Жауап қалдыру