Студенттер әскери ант қабылдады

0
85

Қарағанды медицина уни­вер­ситетінің оқу ротасы әс­ке­ри ант қабылдады. Рота ко­мандирі әскери кафедра бас­тығына курсанттардың әс­ке­ри ант қабылдауға дайын екен­дігін баяндағаннан кейін, ме­дицина ғылымдарының кан­дидаты, медицина қыз­ме­ті­нің полковнигі, Қарағанды мем­лекеттік медицина уни­­вер­си­тетінің әскери кафедрасының бас­тығы А.М. Мұхаметжанов құттықтау сөз сөйледі. «Қарулы күштердің қатарына кірген Қа­зақ­стан Республикасының азаматы міндетті түрде Отанға, ұл­ты­мызға, халқымызға, еліміз­дің Президентіне ант береді. Мі­не, Сіздер де бүгін осы бір үлкен жауапкершілікті мойын­да­рыңызға алып, еліміздің ба­тыл қорғаушылары болуға әс­ке­ри ант бердіңіздер. «Отан­ды сүю – иманнан» деген Пай­ғам­барымыздың (с.ғ.с) сө­зі бар. Қазақ атамыз да ер жігіт­тің үш байлығы бар дейді: бірін­шісі – иманы, екіншісі – отбасы, үшіншісі – Отаны. Мі­не, осы үшеуі сіздердің де жүректеріңізден орын ал­уы керек», –деп өздерінің әс­ке­ри анттарын қабылдаған жас­тар­ға тілек білдірді. Мен осы ка­федраның басшылығына, бар­лық қызметкерлеріне әскери-пат­риоттық тәрбие беру ісіне сіңі­ріп жатқан еңбегі үшін рах­мет айтамын. Әскери ант қабыл­дауларыңмен!», – деп сту­дент­тер­ге ақ жол тіледі.
Бұл салтанатты шараның ор­ны да ерекше еді. Бұл бір жағы­нан мереке болса, бір жағынан студент жастардың мойнына жүк­телген үлкен жауапкершілік. Университет халықаралық ын­тымақ­тастықты дамыту үшін жұмыс істеп келеді. Қа­таң тәртіп, жауапкершілік, көш­бас­шылыққа ұмтылу сияқты құндылықтар әскери дайындық кезінде ғана дариды. Осылайша әскери қызметтегі дәрігерлер саны тағы бір рота жастармен толықты. Сондай-ақ бұл айтулы іс-шараға Ауған соғысының ар­да­гері, жазушы запастағы пол­ковник А.Жантасов қатысты.
Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,
Астана өңірлік қолбасшылығы
әскерлерінің фототілшісі

Жауап қалдыру