Студент екі қызды құтқарып қалды

0
83

Алматы облысында студент өртеніп жатқан пәтерден екі қызды құтқарып қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өрт кеше, 6 наурызда сағат 11-де Талдық­орғанның орталығында болған. Пәтерде ересектер болмапты. Сегіз және екі жастағы қыздардың анасы шаруаларымен кетіп қалған.
– Сағат 11:30-ға қарай университетке сабаққа бара жатқанмын. Ба­ланың айғайын естідім, балконнан «кө­мек­тесіңдер, көмектесіңдер!» – деп ай­ғайлап жатыр екен. Түтінді байқа­дым, екінші қабаттағы пәтерден шығып жатты. Алдымен 101-ге хабарлас­тым, диспетчер құтқарушылар тобы шыққанын айтты. Кейін подъезге қарай жүгіре жөнелдім. Пәтерге кіруге тырысып едім, есігі жабық екен. Көшеге шықтым да, құбырлар арқылы балконға көтерілдім. Арасындағы үлкен қыз сіңлісін алып келді. Екеуін біртіндеп жерге түсірдім. Сол сәтте бір ер адам көмекке келген, ол астында күтіп алып тұрды, – дейді бүлдіршіндерді ажалдан арашалап қалған студент Арман Бақтыбай.
Төтенже жағдай жөніндегі департаментінің хабарлауынша, өрт ұялы телефон қосылған электр құрылғысының (ұзартқыш) тұйықталғанының салдарынан болуы мүмкін. Пәтерде 2011 және 2017 жылы туған екі қыз болған. Сыртқы есік кілттелген. Бұл уақытта ата-аналары жұмыста болыпты. Үлкен қызы түтіннің шыққанын байқап, көпқабатты үйдің екінші қаба­тындағы терезеден кө­мекке шақыра бастаған. Оны Жетісу мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенті Арман Бақтыбай 2000 жылы туған естіп қалған, ол газ мұржасы арқылы екінші қабатқа көтерліп, екі қызды да терезеден алып шықты. Балалардың өмірін құтқарған жасөспірімді енді Алматы облысы ТЖ жөніндегі департаменті осы қаһармандығы үшін марапаттамақ.

Жауап қалдыру