Соғыс ардагерлеріне қайырымдылық

0
71

Уақыт шіркінге тұсау бар ма? Ұлы Отан соғысының аяқталғанына біршама жыл болса да, халықтың жүрегінде әлі де сызат бар. Жыл өткен сайын арамыздағы соғыс ардагерлері азайып барады. Оларға жылына емес, күніне алғыс айтып, жәрдемдесіп тұрсақ артық емес.

Биылғы жылы Жеңіс күніне орай ҚР Мемлекеттік орта­лық музейі «Ха­лық жүрегіндегі жауынгер­лер» атты қайырымдылық іс-шарасын өт­кізді. Алматы қаласының Медеу ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы және еңбек майданы ардагерлеріне сый-құрмет көрсетті. Орталық музей дирек­торының орынбасары, Арда­гер­лер ұйымы­ның төра­ғасы, демеушілердің өкілдері сөз сөйлеп, мектеп бүлдіршіндері ардагер­лерге гүл шоқтарын сыйлап, рахмет айтты.
Соғыс ардагерлеріне арнап ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Шекара Қызмет Академиясы, Корей мәдени орталығы, «Аяжан» медицина кол­леджі, Лермонтов атындағы мемле­кеттік академиялық орыс драма театры, Т.Жүргенов атындағы Қа­зақ Ұлттық өнер академиясының артис­тері өнер көрсетті.
Сонымен қатар, аталмыш іс-ша­ра­ның серіктестері мен демеу­ші­лері: «Сұлтан – Маркетинг» ЖШС, ZUGO Home Textile, Гавая аква­паркі, Қазақстан Жылыжайлары қауым­дас­тығы, «Бостан» компаниясы, «Ақ­ма­рал Сауда», «AMIRAN», «WELLDIS», «Lomonadoff Food» жа­уап­кер­шілігі шектеулі серіктестігі арда­гер­лерге өздерінің өнімдерін сый­ға тартты.
ҚР Мемлекеттік Орталық музейі ұйым­дастырып отырған соғыс арда­герлеріне арналған іс-шарасы құп­тарлық дүние. Мұндай қа­йырым­дылықтар лайым көп болғай.

Өз тілшімізден

Жауап қалдыру