Әскери жиын шынықтырады

0
70

Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында әскери міндеттілерді даярлау басталды.
«Спасск» оқу-жаттығу орта­лы­ғында 300-ге жуық адам әс­кери оқытылған резервті даяр­лау жөніндегі жиынды аяқ­тауда. Осы уақытқа дейін қан­дайда бір себептермен әс­керде қызмет етпеген жасы 27-ге толған азаматтар бір айлық жиынға шақырылды. Олардың ішінде түрлі мамандық пен кәсіп иелері бар. Жиыннан өту кезеңінде олардың жұмыс орындары сақталып, мемлекет есебінен айлық орташа жалақылары төленеді. Бұл осы оқу орталығында жыл басынан бері өткізілген оныншы жиын. 2015 жылы осы оқу-жаттығу орталығында Қарағанды облыстарынан келген әскери мін­деттілер даярлықтан өтеді. «Спасск» оқу-жаттығу орталы­ғындағы резервшілерді даярлау атқыш, пулеметші, гранатометші мамандықтары бойынша даярлау жүргізіледі. Бір айлық даярлық бағдарламасы бо­йынша бастапқы әскери даярлық аясында әскери істің әліпбиімен теориялық таныс­тыру жүргізіледі. Содан соң жиынға шақырылған азаматтар ант қабылдауы тиіс. Жиын барысында әскери міндеттілермен тактикалық, инженерлік, мемлекеттік-құқықтық даярлық, дене және атыс даярлығы бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі. Даярлық бағдарламасында барлық зерделенген пәндер бойынша сынақ тапсыру көзделген. Даярлық аяқталған соң әскери міндеттілер әскери жиыннан өткені туралы куәлік алады, бұл оларға келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдану құқығын береді.

Жауап қалдыру