Сирия мен Иракқа кеткен қазақстандықтар

0
77

ҚР Сыртқы істер министрілігі қарулы қақтығыстар­ға кеткен азаматтардың санына қатысты ресми мәліметті жариялады. Аталған статистика консулдық қызметкен түскен өтініштерге негізделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Сыртқы істер министр­лігінің баспасөз хатшысы Ай­бек Смадияровтың айтуынша, бүгінде қарулы қақ­ты­ғыстарға кеткен қазақ­стандықтарды және олардың туған-туыстарын қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Оларды елге қайтарудың сан алуан жолдары қаралуда. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі басқа да құзыреті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жасап жатыр. Себебі барлық ақпараттарды жан-жақты тексеру керек.
– Қазіргі кезде консулдық қызмет департаментіне 20-дан астам өтініш түсті. Соның ішінде қарулы қақтығыстарға кеткен азаматтардың өз­дері және олардың туған-туыс­тары жазған өтініштер бар, – деді А.Смадияров Ас­танада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, Сирияның өзінде ресми түрде Қазақстанның 22 азаматы тіркелген. Олардың барлығы – консулдық қызметте тіркеуге тұрғандар.
– Соның ішінде 21-і – Сирия азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақстандық қыз-келіншектер. Тағы бір адам – ер азамат. Ол жұмыс бабымен жүр. Қалған азаматтарға қатысты ақпарат жоқ. Себебі олар тіркеуге тұрмаған. Қазіргі кезде біз осы мәселемен айналысып жатырмыз, – деп атап көрсетті А.Смадияров.
Арман АСҚАРОВ

Жауап қалдыру