«Шындықтан қашып құтылмайсың!»

0
61

Әділдік жолында пікірін білдіргендер қамауда алынды
Көкектің 21 жұлдызында өткен «Алматы Марафоны­ның» соңы сотпен, қоғамдық резонанспен аяқталды. Аза­маттық белсенділер Алматы қаласы Әл-Фараби және Шашкин көшелерінің қиы­лысында «От правды не убежишь, #adilsailayushin, #уменяестьвыбор» деген жазуы бар плакатпен ұсталып, қа­мау­ға алынды.
Жергілікті полиция қызмет­кер­лері көше бойында плакат ұстаған 4 азаматтық бел­сен­діні тұтқынға алғаны бел­гілі. Плакаттағы жазулар жоспарланған президентік сай­лауға қатысты болатын. Ал полиция департаментінің ай­туынша, белсенділер тиісті құжаттарын көрсетуден бас тартқан. Жедел арада Бос­тан­дық ауданының сот бас­қар­масына жеткізілген белсенділер қатарында Almaty Urban Air экологиялық жоба­сы­ның авторы Әсия Төле­сова, суретші Сүйінбике Сү­лей­менова, кинооператор Ай­гүл Нұрболатова мен бейтаныс белсенді Бейбарыс Толымбаев болған.
Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбаевқа қатысты сот ісі ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 488-бабы, 3-тармағы бойынша жүр­­гізіліп, шешім бойынша 15 күнге қамауға алынды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұр­ғымбаев: Бейбарыс То­лым­­баев пен Әсия Төле­сова­ны «Митингтер, оқиғалар мен де­­монстрациялар өткізу ту­ралы» заңнаманы бұзды деп хабарлаған.
«Саяси үгіттеулер болған жоқ. Сайлаудың не қатысы бар?! Тағы да айтамын, қа­ла­да спорттық іс-шара жүр­гі­зілді, ол алдын-ала жос­пар­ланған болатын. Қала ау­мағына афишалар ілінді, 17 мың спортшы қатысып жат­ты және сол уақытта екі адам плакат ұстап, спорттық шараның жүргізілуіне кедергі келтірді. Бұл заң бұзушылық болмағанда, немене?», – деді ол.
Ал полицейлер болған оқиғаның себебін былай деп түсіндіреді:
– «Жол айрығына жүгіріп шы­ғып, әлгілерді суретке түсір­мек болған адамдар қоз­ғалысқа кедергі келтірді. Соңы қайғылы жағдаймен аяқ­талатын айқай-шу туындауы мүмкін еді. Оған қоса, бұл марафон қатысушыларына деген құрметсіздік екендігі көзге көрініп-ақ тұр».
О баста қылмыстық істің әкімшілік хаттамасында плакатта «ұлт басшысы – ұлтты ұятқа қалдырушы» деп жа­зыл­ғандығы көрсетілген. Бел­сен­ділердің адвокаты Әсем Жапишева өзінің Facebook-тағы парақшасында Ер­лан Тұрғымбаевтан хат­та­ма­­дағы жазудың себебін сұ­ра­ған­да, оның «Техни­ка­­лық қателік» деп жауап бергенін жариялаған. Сонда құзырлы ор­ган айғақты қолдан жаса­ға­ны ма?
Белсенділердің тұтқын­да­луы мен қамауға алынуы дүйім жұртты дүрліктіріп, әлеуметтік желілерді шулатуда. Ал нақты себеп неден екені әлі де сан сұраққа толы. Сонда олардың бар кінәсі, сайлаудың әділ өтуін сұрағаны болып тұр ғой. Мақұл, олар белгілі бір дәрежеде қоғамдық тәртіп бұ­зып, әкімшілік құқық бұ­зушылық жасады делік. Бірақ 15 күнге абақтыға жабатындай бас жарылып, көз шыққан ештеңе жоқ қой. Ескерту жасап, айыппұл салуға болмайтын ба еді. Сонда құқығын айтқанның бәрі қылмыскер болғаны ма? Әлде сайлау жайлы жақ ашпау керек пе?
Көзқарасын ашық айтқандарды қамау, қуғындау секілді ескі тәсілдер тыйылар күн бар ма?

Шынар ТӨЛЕУХАН,
Тұран университеті

Жауап қалдыру