Рухани жаңғыру және Халифа Алтай мұрасы

0
11

24 қарашада Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және РМК «Ғылым Ордасы», Халифа Алтай Халықаралық қайырымдылық қоры және «Ер Жәнібек» қоғамдық қоры бірлесе отырып түркі әлеміне кеңінен танымал дінтанушы-ғалым, қайраткер Алтай Халифа Ғақыпұлының туғанына 100 жыл толуына ар­налған «Рухани жаңғыру және Халифа Алтай мұрасы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция жұмысына отан­дық ғалымдар және ҚР Ор­талық мемлекеттік архиві, ҚР Президенті архиві, Алматы қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері, қоғамдық ғы­лымдар институттарының ға­лым­дары мен докторанттары, магист­ранттары және Халифа Алтайдың жұбайы мен балалары, немерелері және туыстары, Медеу ауданының бас имамы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция жұмысы барысында «Ұлы дала елі және Халифа Алтай: өмірі мен мұрасы, тағлымы», «Дінтанушы ғалым және қайраткер Халифа Алтай», Рухани жаңғыру және Халифа Алтай мұрасының зерттелу барысы мен бағыттары мәселелері қаралып, Халифа Алтай туралы естеліктер айтылды.
Сондай-ақ ғылыми форум барысында Халифа Алтай туралы кітап көрмесі мен құжатты фильм көрсетіліп, «Алтай Халифа Ғақыпұлы: Библиог­рафиялық көрсеткіш» атты кітап­тың тұсаукесері өткізілді.

Малика МОРЯКОВА,
Ш. Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институты
ғалым хатшының көмекшісі

Жауап қалдыру