Әр теңге жіті бақылауда болады

0
115

Алматы облысы әкімі Аман­дық Баталовтың қаты­суымен 13 желтоқсанда облыс­тық мәс­лихаттың кезекті XXXVIII сессия­сы өтті. Онда Алматы облысы­ның 2019-2021 жылдарға ар­нал­ған облыстық бюджеті ту­ра­лы мәселе қаралды.
Сессияда баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмір­ханов 2019 жылғы бюджеттің 449,7 млрд. теңге болып бекітілгенін айтты. Бас­­қарма басшысының сөзіне сүйенсек, 2019-2021 жылдарда әлеуметтік салаға 682 млрд. теңге қарастырылып отыр, ол – бюджеттің 54,4% деген сөз. 2019 жылы 5 227 мүгедекті шипажай-курорт­тық емдеуге – 455 млн теңге бөлін­ген, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыс­тыр­ғанда 2,4 есе өсті. Бюджеттік меке­мелер қызметкерлерінің «7-20-25» бағдар­ламасы бойынша бастапқы жарнасының бөлігін субсидиялауға 1 млрд теңге қа­рас­тырылады.
Тұрғын үй-коммуналдық салада елді мекендерді газдандыруға, ауыз сумен, жылумен қамтамасыз етуге де қолдау көрсетіледі. Мәселен, коммуналдық қыз­мет үшін арнайы техника сатып алу­ға бө­лі­нетін қаражат 1,1 млрд. теңгені құрай­ды.
Сонымен қатар Даму бюджеті бойынша «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 3,6 млрд. теңге қарастырылды. Бұл сома Ескелді ауда­нындағы қант зауытын қайта іске қосу­ға және Көксу ауданының зауытын жаң­ғыр­туға және қант пен картоп бағыт­тарында сервистік дайындау орталық­тарын құруға бағытталады.
Цифрландыру бағдарламасына орай бір­қа­тар шаралар белгіленіп отыр. Со­лар­дың қатарында білім беру ұйым­дарын бейне бақылау жүйелерімен қам­тамасыз ету, 156 мектепке WI-FI роутер арқылы кең жолақты интернет желісін орнату, пән кабинеттерін компьютерлік техникалармен және мектептерді жа­ңа модификациялық кабинеттермен жаб­дықтау, мектептерде құрылатын IT – сы­ныптарын жабдықтау жұмыстары да бар.
Сонымен қатар бюджет шығыстарында құрылыс, бизнесті дамыту, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және басқа да маңызды салалардың барлығы қам­тыл­ды.
Жиында қорытынды сөз сөйлеген об­лыс әкімі Амандық Баталов: «Күні ке­ше Астанада журналистер үшін өт­кізіл­ген брифингіге қатыстым. Журна­листер облыста атқарылған жұмыс­тар­дың ауқымды екенін айтып, сауал­дарын қойып, пікірлерін білдірді. Сол ат­қа­рылған жұмыстар – бәріміздің бір­лескен еңбегіміздің жемісі. Алдағы жылға да алдымызда үлкен міндеттер тұр. Елбасы үш ауысымды мектептерді болдырмау туралы тапсырма берді. Сол бағытта жоспарлы түрде жұмыс істейміз. Президенттің «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын нәтижелі орындауымыз керек. Келесі жылдан Ақсу, Сарқан, Ала­көл аудандарына қарай газ тарта бас­тауға тиіспіз», – дей келе облыс әкімі бюджетті қарау барысында үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.
Сессияның күн тәртібінде басқа да мәселелер қаралды. Осы сессия ба­рысында облыстық мәслихаттың де­путаты Жақсылық Үшкемпіровтің «Біз­дің депутат» газетінің жылдық рей­тингісі бойынша «Үздік депутат» атан­ғаны белгілі болды. Депутатқа арнайы төс­белгіні облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов тапсырды.

Жауап қалдыру