Полония ғалымдары Алматыда

0
43

Таяуда Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында полониялық (польшалық) ғалымдар делегациясы қонақта болды. Университет ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Шакарапұлы Жалаиридің шақыруымен әрі халықаралық ынтымақтастық аясында Алматыға іссапармен келген заң ғылымдарының докторы, профессор, Катовице экономикалық универ­ситетінің проректоры, Зеленогурск университеті заң факультетінің Конституциялық құқық кафедра­­сының меңгерушісі Анджей Биштыга мен заң ғылымдарының докторы, Катовице қаласындағы KatowiceSchoolofEconomics – Горношланска Жоғары сауда мектебінің басқару/әкімшілік кафедрасының профессоры Стефан Дырка алматылық студенттерге дәріс оқыды.
Профессор Андрей Быштига тек өз Отаны ғана емес, Еуропа парламентіне қатысты тұжырымдар мен сарапшылық біліктілік авторы ретінде Еуропа кеңістігіне танымал көрнекті ғылыми қайраткер. Оның зерттеу тақырыптарының аясы өте кең: «Әлемдегі референдум институты», «Адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот», «Адам құқығы жөніндегі Еуропа Конвенциясының Біріккен Ұлыбритания Ко­рольді­гінің құқықтық жүйесіне ықпалы», «Адам құқығы мен бостандығы және олардың кепілі», «Адам құқығы жөніндегі Еуропа конвенциясы және оның ішкі құқықтық жүйеге ықпалы», «Еуропалық Кеңеске мүше елдердің құқықтық жүйесі» және тағы басқа ондаған әлемдік маңызды тақырыптарға қалам тербеумен бірге ол «Қазақстан республикасының конституциялық жүйесі» тақырыбында терең зерттеу жұмыстарын да жүргізді.
Ол әлемдік құқық проблемалары жөнінде әңгімелесе, ал доктор Стефан Дырка ғаламданудың ұлттық экономиканы трансформациялау үрдісіне ықпалы, ұйымдарда даму негіздері ретінде зияткерлік әрі адами капиталды қалыптастыру тақырыптарына арналған дәрістер жүргізді. Бұл курстарға оңтүстік астана­дағы басқа жоғары оқу орын­дарының студенттері мен магистранттары да қатысты.
Поляк ғалымдарының Алматыға сапары Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасының арасын­дағы ынтымақтастықтың да­муына, сондай-ақ екі елдің білім және ғылым са­ла­сындағы ынтымақтас­ты­ғы­ның арта түсуіне ықпал етеді.

Жауап қалдыру