Петропавлда 200 отбасы қоныс тойын тойлады

0
30

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Тұңғыш Президентi күнi қарсаңында әлеуметтiк маңызы бар нысандар, жаңа өндiрiс ошақтары мен көпқабатты үйлер ашылуда. Петропавлда екi 100 пәтерлi үй салтанатты түрде ашылды.
Қоныс иелерiн атаулы күнмен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтап, пәтер кiлттерiн табыс еттi. Бұл жалгерлiк-коммуналды үйлер «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында әлеуметтiк тұрғыда қорғалмаған азаматтарға салынды. Өз сөзiнде өңiр басшысы аталмыш топқа үйлер көп жылдардан берi алғаш рет салынып тұрғанын атап өттi, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пәтерге соғыс ардагерi, жетiмдер, ауған соғысының ардагерлерi, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, оралмандар және басқалары ие болды.
Жалпы облыс бойынша тұр­ғын үй саясаты сәттi жү­зеге асуда. Жыл соңына дейiн тағы екi жалгерлiк-ком­мунал­ды үй тап­сырылады. 75 пәтерлi ипо­текалық үй қолданыс­қа берiледi. Өткен жылмен салыстырғанда баспана көлемi 122 пайызға артты. 2017 жылдың соңына дейiн 200 мың шаршы метр баспана пайдалануға берiлмек.

Жауап қалдыру