Парақорлыққа қарсы он күндік

0
58

Қоғам даму­ының кера­ғар бір құ­былысы – сы­байлас жемқорлық. Жем­қор­лық атты дерт көне дәуірлерден-ақ әйгілі бол­ған. Ол заманмен бір­ге «өсіп-өркендеп», небір тегеурінді қарсылықтарға «төтеп беріп», қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
Осы мәселенің алдын алу мақса­тында, Шымкент гарнизоны­ның бастығы мен Шымкент гарнизоны­ның әскери полиция бастығымен бір­лесе отырып, 2018 жылдың жел­­тоқ­­сан айында «Сыбайлас жем­қор­­лықтың алдын алу» онкүн­дігі өткізілді.
Жоба аясында 35748-әскери бө­лі­мінің мәдени демалыс орта­лығында Шымкент гарнизо­нының әскери полиция бастығы әділет подполковнигі Е.Даутов пен Шымкент гарнизонының бастығы полковник А.Абдуваитов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресейік» атты шара өткізді. Сыбайлас жем­­қорлықты тыю, парақорлық пен қылмыстық іс-әрекеттерді, құ­қық бұзушылықты болдырмау мақсатында өткен шараға Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери бөлімдері, 32039-әскери бөлімі, Жасұлан мектебі, әскери кафедралар командирлері мен офицерлері атсалысты.
Подполковник Е.Даутов тақы­рып аясында баяндама жасап, өткен жыл­мен салыстырғанда парақорлық дертінің өскендігін айта келе, 2019 жылдың стратегияляқ жоспарымен таныстырды. Жиын соңында әскери бөлім басшыларына келеңсіз оқиғалардың орын алуын қадағалауды тапсырды.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы сол адами қалып-парасат биігінен көрінуі міндет.
Қарапайым халық парақорлық көрінісін күнделікті тұрмыс-тірші­лігінде бетпе-бет кездесіп жатады. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алуды ауыздықтау жолында жеке адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып, белсенділік танытуымыз қажет.

Азамат НҰРМАХАНОВ,
35748-әскери бөлімінің
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
подполковник

Жауап қалдыру