Отандық өнімге – оңтайлы қолдау

0
65

Отандық өнімге – оңтайлы қолдау
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы 11-ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық өндіру­шілерді қолдауға шақырған болатын. Онда Елбасы «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсын­ған еді. Акция барысында сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдерге кеңінен жол ашылды. Еліміздің барлық өңірлерінде осы шара аясында көптеген шаралар ұйымдастырылды. Отан­дық өнімдердің артықшылықтары кеңінен насихатталды, тұ­тынушылардың талап-тілектерінен шығуға кеңінен мүмкіндік жасалды.
Бұл орайда Жетісу өңірінде бірқатар нақты жұмыстар атқа­рылды. Айталық «Көгер ЛТД» ЖШС құс фабрикасы, «Адал» АӨК» сүт өнімдері кәсіпорны, «Көксу қант зауыты» АҚ-ның өнімдері тұтынушылардың кең қолдауына ие болуда. Әсі­ресе, «Көгер ЛТД» ЖШС құс фаб­рикасы Жетісу өңіріне ғана емес, оның өнімдері еліміздің басқа өңірлеріне де жөнелтіледі. Мә­селен, Алматы, Семей, Өс­ке­мен, Қы­зылорда, Аягөз қа­ла­ларына тәулі­гіне жарты мил­лионнан астам жұ­мыртқа жө­нел­тіледі. Тауар елі­міздің әр қиы­рындағы сауда нүк­те­леріне кә­сіпорындағы маман­дан­­ды­рыл­­ған көліктермен жет­­­кі­­зіледі. Осы арада өткен 2014 жылы Ел­басымыз Нұрсұлтан На­зар­баевтың Алматы қала­сы­ның ма­ңында азық-түлік бел­деуін құру жөніндегі тапсыр­ма­сы іс­ке аса бастағанын бай­қау­ға бо­лады. Атал­мыш құс фаб­­ри­ка­сының басты нарығы – Ал­ма­ты қала­сының тұрғындары бо­лып отыр.
Осы арада айта кететін бір нәрсе, кә­сіпорын инновациялық жолды таңдаудың арқасында тауық жұмыртқасы өндірісінің көлемін анағұрлым арттырып қана қой­май, жұмыртқалық ба­ғыт­тағы «Ломан Браун-Классик» тауық тұқымының ме­киен­дерін өсіру мен көбейту жө­ніндегі еліміздегі бірден-бір асылтұқымды ша­руашылық атан­ды. Фаб­рикадағы селек­ция­­лық жұмыс құсты өсіру­дің бірнеше операциялары мен ке­зең­дерінен тұрады. Ме­киен бо­латын балапандарды әке­лу­ден бастап, оларды өсіру, ин­ку­­бациялық жұмыртқалар алып, олардан балапан өрбіту сын­ды жұмыстардың ақтық нә­ти­жесінде, өнімнің өзіндік құны төмендеп, қаржының сыр­т­­қа кетуі барынша азаяды. Соң­ғы жылдары жаңа техно­логияларды енгізуде белсенділік танытқан аталмыш кәсіпорында автомат­тандыру бірінші орынға шыққан. Қол еңбегі барынша азай­ған. Жұ­мысшылар өзде­рінің әлеуметтік кепілдіктерін тұрақты пайдала­нады.
Сол сияқты бұл өңірдің Панфилов ауданындағы Жаркент крахмал-сірне зауытында 60 мың тонна жүгері дәнін кеп­тіретін жаңа зауыт кешені іске қосылып, жылына 60 мың тонна жүгері қабылдап, оны өңдеп ,өңірдегі шаруашылықтарды жем өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.
Сонымен бірге, жетісулықтар өздерінің өнімдерін тұрғындарға жеткізуде ауылшаруашылық жәр­меңкелерін өткізуді тиімді пайдаланып келеді. Олар жылына бірнеше рет Алматы, Астана қалаларында жәрмеңкелер өткізіп, ет, сүт, картоп, көкөніс басқа да азық-түлік өнімдерін қала тұрғындарына қолжетімді бағада ұсынып, шаруаларға кең қолдау жасауда. Сөйтіп отандық өнім өндіруді барынша дамыту бағытында еңбек етуде.

Ғалым ЖАЗЫЛБЕК
«Президен және Халық»

Жауап қалдыру