Ортақ валютаға жол жоқ!

0
187

Таяуда Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразия экономикалық кеңес отырысында Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ортақ төлем жүйесін енгізу туралы айтқан болатын. Оның сөздері қоғамда қызу талқыға түсіп, түрлі пікірлер тудырды. Қазақстанның бұған қатысты ұстанымын ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.
– Бірыңғай электрондық валюта жөнінде Ресей ұлттық төлем одағы талқылар жатыр. Олардың бірқатар ұсыныстары бар. Алайда олар ресми ресейлік тараптың ұсынысын білдірмейді. Дәл осы сияқты Қазақстанның кез келген қаржыгерлер қауым­дастығы осындай ұсыныс айта алады, – дейді ол.
Тимур Сүлейменов Қа­зақ­стан бұл бастаманы қолдамайтынын айтты.
– Бұл менің жеке өзімнің де, саясаткер ретіндегі де ұстанымым. Меніңше ұлттық валюта әнұран, ту, елтаңба сынды біздің егемендігіміздің символы. Оны барынша қорғап, дамытып, сақтауға тиіспіз. Сондықтан қандай да бір ортақ валютаға өтуге жол берілмеуі тиіс, – деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.

Жауап қалдыру