Қорғаста Қазақстан – Қытай көрмесі өтеді

0
25
btr

Соңғы жылдары көршілес Қытай Халық Респуб­ликасы мен Қазақстан арасындағы өзара ынты­мақтастық, әріптестік, сауда байланыстары нығая түсуде. Соның нәтижесінде екі ел арасындағы өзара уағдаластыққа байланысты ең алдымен «Қорғас шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орта­лығы» ашылып, сауда-саттық жұмыстары ерекше қарқын алды. Одан кейін «Алтын көл» темір жол өткелі қос мемлекет үшін тиімді байланыстарды одан әрі жалғастыруда мол рөл атқарып келеді. Өткен жылы жаңадан салынған төрт жолақты автобанның Қытайға өтетін аймағында «Нұр жолы» шекаралық транспорттық өткелінің іске қосылуы екіжақты сауда-экономикалық байланысты нығайтуға кең жол ашты. Алдағы уақытта мұндай іскерлік шаралар көбейе түспек.
Жуырда «Атамекен» кәсіп­керлік палатасының ұйымдас­тыруымен республи­калық және аймақтық ақпарат құ­ралдары өкілдеріне отандық кәсіпкерлерге Қытай нарығына шығуға бірегей мүмкіндік беретін жалпы аумағы 6300 шаршы метрді құрайтын Qaz Luimiere үш қабатты жаңа сауда орталығы таныстырылды. Арнайы жобамен салынған сауда кешені «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының» қазақстандық бөлігінде ор­наласқан. Оның жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрай­ды. Гипермаркеттің ресми ашылуы 2019 жыл 1 мамырға жоспарланып отыр.

edf

Жаңадан ұйымдас­тыры­латын сауда жәрмең­кесіне қа­тысуға Ресей, Гүржістан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан және ҚХР кәсіпкерлері ниет білдіріп отыр. Сондай-ақ жәрмеңке шарттарына сәйкес кәсіпкерлер салықтан та босатылатын болады. Жалға алудың айырықша шарттары 1-15 мамыр арылығында Қазақстан – Қытай жәрмеңкесі күндері жүзеге асады.
– Бұл көрме «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының» жаңа мүмкіндіктерін көру үшін өткізілмек. Кәсіпкерлерге нарықты талдауға: қай жерде бағдарлану керек, жеке тауарға сұранысты бағалау жүргізуге мүмкіндік беріп отырмыз. Ары қарай біз көрмені жарнамалау мақсатында Қытай тарапынан жарнама агенттігін жұмылдырамыз. Көр­менің өзінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бұл – Қытай нарығына шығу­дың бірігей мүмкіндігі. Өндіру­шілер «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықа­ра­лық орталығына» тауарла­рын жеткізіп, көрме стендін сатып алудан басқаға шы­ғын­далмайды. Жалға алушы­ларға келетін болсақ, олар­дың әрқайсысы жеке-жеке қаралады және жалға алынып жатқан орынжайдың көлеміне қарай жеңілдіктер, жеңілдік кезеңдері қарас­тырылған. Барлық тауар өнді­рушілермен, ұйымдармен іскерлік қарым-қатынасқа дайын­быз, – деді «Qaz Lumiere» сауда орталы­ғының атқарушы директоры Нариман Закирьянов.
Көрмеге Қазақстан, ТМД ел­дері және жақын шет ел тауар өндірушілері қа­ты­суға шақырылады. «Qaz Luimiere»-нің арнайы эконо­ми­­ка­лық аймақта орналасуы қазақстандық бизнеске ар­найы салықтық режимге сәйкес салық төлемдерін жасамай кәсіпкерлік қызметті жүргізуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың ай­туына қарағанда, сауда орталығы іскерлік кездесулерге, Қазақстан мен ТМД елдеріне шығарылатын өнімдерді таныстыру, сауда-саттық және бос уақытты өткізуге арналған тиімді іс-шаралардың алаңына айналады. Бұл іс-шара жақын және алыс шет елдердің іскер топтары мен туристерінің қызығушылығын тудыраты­ны сөзсіз. Қазақстандық кәсіп­керлер үшін, бірінші кезекте Қы­тайдың көпмиллионды нары­ғына шығу, халықаралық сауданы дамытудың мүмкіндігі.
Көрмеге киім-кешек, аяқ киім, тәтті тағам түрлері, түрлі ұн өнімдері, сонымен бірге басқа да тұрмысқа қажетті тауарлар қойылады. Ал, жаңа ауланған балық, жұмыртқа, шұжық өнімдері, уылдырық, жеміс-жидек, сүт өнімдерін қоюға рұқсат етілмейді.
Ұйымдастырушылар экспо­наттарды іріктеу құқығына ие. Көрме қатысушыларына сый-сыяпат көрсетіледі. Же­ңімпаздар лауреат дип­лом­дарымен марапатталатын бо­лады.

Ғалым ЖАЗЫЛБЕКОВ,
«P&H»
Талдықорған – Қорғас – Талдықорған.

Жауап қалдыру