Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылады

0
159

Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры құрылуы ықтимал. Бұл туралы кеше ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасын таныстырған еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
«Қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне кіретін суб­ъектілердің аясын белгілеу ұсынылады. Оларға қатысты қаржылық, ақпараттық-консультациялық, сыртқы экономикалық және кадрлық мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуі мүмкін. Мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің мемлекеттік, квазимемлекеттік және жекеменшік нысанындағы кез келген отандық ұйымына қолданылатындығын атап өткім келеді», – деді ол. Бейбіт Атамқұловтың дерегінше, 2017 жылы әскери мақсаттағы өнімдер экспортының көлемі 2 есе артып, мұндай өнімдер өндірісі 14 пайызға өсім көрсеткен. Мұндай нәтижеге қорғаныс-өнеркәсіп саласына жеке инвесторлардың келуінің арқасында қол жеткізіліп отыр.

Жауап қалдыру