Оқуға түсе алмаған жастарға мүмкіндік

0
25
????????????????????????????????????

ҚР ҰҚК Шекара қызметінде жаңа батальон құрылады. Аталған құрылымның негізгі мақсаты – киберқауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік ко­­митетінің өкілі Сергей Журав­левтің айтуынша, жақын күндері Шекара қызметінде ақпараттық қауіпсіздік батальоны ашылады. Оған түскен жастар әдеттегідей біржылдық мерзімді әскери борышын өтейді. Бірақ оларды киберқауіпсіздікке үйрету шараларына басымдық бе­ріледі.
– Мысалы, оқуға түсе алмаған жастар болады ғой. Дәл осы жастарды біз жаңа батальонға тартып, ақ­параттық қауіпсіздікке үй­рететін боламыз. Осы­ған орай, «ақпараттық қауіп­сіз­дік маманы» деген жаңа әскери мамандықты енгіздік. Қазір білім және ғылым министрлігімен атал­ған маман­дықты кәсіптік білім туралы дипломмен теңестіру мәсе­­лесін зерделеп жатырмыз. Осы­ның арқасында кибер­қауіпсіздік бойынша мамандарды көбірек даярлауға мүмкіндік болады», – деді С.Журавлев ҚР Парламент Сенатында өткен жиында.
Оның сөзіне қарағанда, жаңа батальонға ақпарат­тық теxноло­гияларға бейім жастар ғана қабылданады. Қыз балалар да аталған құрылымға бара алады.
– Ең бастысы, жастар ақпараттық теxнология­ларды түсінуі керек. Бір жыл бойы олар шекара қызметінің инфра­құры­лымын қорғай­тын болады. Ал сабақтар Ұлт­тық қауіпсіздік коми­те­тінің академиясында ұйым­дас­тырылады. Әс­кери бо­рыштың мерзімі аяқ­тал­ған­нан кейін олар ақпарат­тық қауіпсіздік сала­сының маманы ре­тінде шығады. Мен өзім Израильде болдым. Ол жақта әскердің құра­мында киберқауіпсіздік құрылымдары бар. Оған мек­теп оқушыларын іріктеу 10-шы сыныптан басталады. Сонда бір орынға 100 адам үміткер ретінде тіркеледі. Себебі олар аталған құрылымнан өткеннен кейін жұмысқа тұра алатынын анық біледі, – деп атап көрсетті С.Журавлев.

Арман АСҚАРОВ

Жауап қалдыру